АӨК негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1 190 072,3 млн. теңгені (НКИ - 115,9%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 850 151,3 млн. теңге (НКИ - 120,7%), мал шаруашылығы - 339 402,1 млн. теңге (НКИ – 104,8%) құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар- желтоқсан 116,3 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 156,5% құрады.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар - желтоқсан 9,4 млрд. теңгені құрады.
Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 23,9%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 402,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 96,1 мың адам (2025 жылдың 3-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).
Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:
-2025 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында орташа жалақы 344,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% өсім (2024 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында - 273,3 мың теңге).
-3-тоқсанда орташа жалақы 407,6 мың теңге болды, өсім 24,4% (2024 жылдың 3-тоқсанында - 327,7 мың теңге).
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,4 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 26,3 млрд. теңге (пестицидтер - 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 14 930,4 млн. теңге, тұқымдар - 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар - 500 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;
- қаржы құралдары - 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 9 245,3 млн. теңге);
-терең өңдеуді субсидиялауға – 1,05 млрд. теңге.
Егін жинау (жедел мәліметтер бойынша)
4681,4 мың га алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар орылып, 7 630,5 мың тонна астық жиналды, орташа өнімділігі - 16,3 ц/га.
495,4 мың га алқапта майлы дақылдар жиналып, 554,5 мың тонна майлы тұқым алынды, орташа өнімділігі - 11,2 ц/га.
8,7 мың га алқапта картоп жиналып, 154,3 мың тонна картоп алынды, орташа өнімділігі - 177,4 ц/га.
1,4 мың га алқапта көкөністер жиналып, 20,6 мың тонна көкөніс алынды, орташа өнімділігі - 151,7 ц/га.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан АШТӨ барлығы 67,2 млрд. теңге сомасына 1772 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:
- астық жинайтын комбайндар - 25,3 млрд. теңге сомасына 190 бірлік;
- тракторлар - 15,1 млрд. теңге сомасына 375 бірлік;
- сепкіш кешендер - 8,0 млрд. теңге сомасына 57 бірлік;
- сепкіштер - 0,7 млрд. теңге сомасына 301 бірлік;
- басқа техника – 18,1 млрд.теңге сомасына 849 бірлік.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар - желтоқсан айларында облыста өндірілді:
- тірі салмақтағы ет – 210,2 мың тонна немесе 107,4% 2024 жылғы деңгейге қарай;
- сүт – 240,0 мың тонна немесе 102,2%;
- тауық жұмыртқасы – 686,8 млн. дана немесе 99,5% («Capital Projects LTD» ЖШС-інде өндірістің төмендеуі, Степногорск қаласында «Юхман» ЖК-нің жабылуы, жеке қосалқы шаруашылықтардағы құлдырау»).
2025 жылғы қаңтар - желтоқсан айларында жағдай бойынша мал басының жалпы саны:
Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 367,5 мың басты құрап, 2024 жылғы деңгейдің 96,5%-ын құрайды, оның ішінде:
- сиыр басы - 182,5 мың бас немесе 99,2%;
- жылқылар – 250,0 мың бас немесе 95,9%;
- қой мен ешкі – 538,8 мың басты немесе 90%;
- құстар - 9 828,3 мың басты немесе 108,3%;
- шошқа - 32,0 мың басты немесе 77,7%.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2025 жылғы қаңтар - желтоқсан 301,9 млрд. теңге сомасына немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 110,4% азық-түлік өндірілді.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 45,2%, сүт - 14,4%, өсімдік майы – 17,0%, астық өңдеу - 8,7%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 2,3%, өзге салалар - 12,4% алады.
Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 98,9 мың тонна ет өндірді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 3076 тонна.
Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 136,8 мың тонна болды, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 7,6% өсім, сары май өндірісі – 2251 тонна, ірімшік пен сүзбе - 2136 тонна, қышқыл сүт өнімдері- 9,3 мың тонна, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 9,7% өсім.
Өсімдік майы өндірісі 81,8 мың тонна болды, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 12,4% өсім.
Ұнтақталған ұн өндірісі 215,9 мың тонна болды.