Ақмола облысы Степногорск қаласымен Степногорск қаласының елді мекендерінде жеке меншікке берілген кезде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесін әзірлеу бойынша

Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы сенімді ақпарат алу үшін жерді бағалаудың тәсілдері мен әдістерін жетілдіру қажеттілігі туындайды.

«Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігі қаулысының және облыстық мәслихаты шешімінің жобасы, ҚР Жер кодексінің 10 бабы 1 тармағының негінде әзірленген, осы тармақ бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде облыстардың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгіленеді.

Осы жобамен облыс өңірлерінің тізіміне жер учаскесінің қадастрлық (бағалау) құнын айқындау негізі ретінде жер үшін төлемақының төмен базалық құнына байланысты Степногорск қаласымен Степногорск қаласының елді мекендері бойынша жеке меншікке берілген кезде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеуге өзгерістер енгізілді.

Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның жүргізген жұмыстардың қорытындысы бойынша Степногорск қаласының базалық ставкасы жер учаскесінің 1 шаршы метріне 2400 теңге (барлық аймақтар бойынша бірдей), Заводской кенті; Бестөбе кенті – Степногорск қаласы ставкасының 70 % мөлшерінде белгіленді, бұл 1680 теңгені құрайтын болады; Ақсу кенті – Степногорск қаласы ставкасының 80 % мөлшерінде белгіленді, бұл 1920 теңгені құрайтын болады; Қарабұлақ ауылы, Қырық құдық ауылы – Степногорск қаласы ставкасының 60 % мөлшерінде белгіленді, бұл 1440 теңгені құрайтын болады; Изобильное ауылы – Степногорск қаласы ставкасының 50 % мөлшерінде белгіленді, бұл 1200 теңгені құрайтын болады; Байқоңыс ауылы – Степногорск қаласы ставкасының 40 % мөлшерінде белгіленді, бұл 960 теңгені құрайтын болады және Бөгенбай ауылы – Степногорск қаласы ставкасының 30 % мөлшерінде белгіленді, бұл 720 теңгені құрайтын болады.

Аңықтама: Бұрын Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы                        21 қазандағы № А-10/480 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешімімен бекітілген Степногорск қаласындағы 1 шаршы метр жердің базалық (нормативтік) құны 800 теңгені (барлық аймақтар бойынша бірдей) құрайтын болатын, қалған Степногорск қаласының елді мекендері бойынша Степногорск қаласы ставкасының 20 % мөлшерінде белгіленген болатын.

Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Дата публикации
15 января 2026