Ақмола облысының ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамыту
(23.12.2025 жылғы жағдай бойынша)
- АӨК негізгі көрсеткіштері
- 2025 жылдың қаңтар - қараша айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1 136 482,3 млн. теңгені (НКИ - 115,7%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 834 023,1 млн. теңге (НКИ - 120,5%), мал шаруашылығы - 301 948,5 млн. теңге (НКИ – 103,5%) құрады.
-
- Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-қараша 99,1 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 133,6% құрады.
-
- Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар - қараша 6,0 млрд. теңгені құрады.
- Облыста барлығы 8432 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
-
- Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 23,9%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 402,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 96,1 мың адам (2025 жылдың 3-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).
- Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:
- -2025 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында орташа жалақы 344,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% өсім (2024 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында - 273,3 мың теңге).
-3-тоқсанда орташа жалақы 407,6 мың теңге болды, өсім 24,4% (2024 жылдың 3-тоқсанында - 327,7 мың теңге).
- Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
- АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 62,9 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- - өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 26,6 млрд. теңге (пестицидтер - 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 14 930,4 млн. теңге, тұқымдар - 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар - 500 млн. теңге);
- -мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;
- - қаржы құралдары - 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 9 245,3 млн. теңге);
-терең өңдеуді субсидиялауға - 0,6 млрд. теңге.
Егін жинау (жедел мәліметтер бойынша)
4681,4 мың га алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар орылып, 7 630,5 мың тонна астық жиналды, орташа өнімділігі - 16,3 ц/га.
495,4 мың га алқапта майлы дақылдар жиналып, 554,5 мың тонна майлы тұқым алынды, орташа өнімділігі - 11,2 ц/га.
8,7 мың га алқапта картоп жиналып, 154,3 мың тонна картоп алынды, орташа өнімділігі - 177,4 ц/га.
1,4 мың га алқапта көкөністер жиналып, 20,6 мың тонна көкөніс алынды, орташа өнімділігі - 151,7 ц/га.
- Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2025 жылғы қаңтар-қараша АШТӨ барлығы 65,3 млрд. теңге сомасына 1694 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:
- астық жинайтын комбайндар - 24,9 млрд. теңге сомасына 186 бірлік;
- тракторлар - 14,4 млрд. теңге сомасына 345 бірлік;
- сепкіш кешендер - 8,0 млрд. теңге сомасына 57 бірлік;
- сепкіштер - 0,7 млрд. теңге сомасына 298 бірлік;
- басқа техника - 17,3 млрд.теңге сомасына 808 бірлік.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар - қараша айларында облыста өндірілді:
- тірі салмақтағы ет - 186,8 мың тонна немесе 105,6% 2024 жылғы деңгейге қарай;
- сүт - 221,4 мың тонна немесе 101,3%;
- тауық жұмыртқасы - 628,1 млн. дана немесе 99,1% («Capital Projects LTD» ЖШС-інде өндірістің төмендеуі, Степногорск қаласында «Юхман» ЖК-нің жабылуы, жеке қосалқы шаруашылықтардағы құлдырау»).
- 2025 жылғы 1 желтоқсанға жағдай бойынша мал басының жалпы саны:
- Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 372,3 мың басты құрап, 2024 жылғы деңгейдің 98,1%-ын құрайды, оның ішінде:
- - сиыр басы - 182,2 мың бас немесе 96,4%;
- жылқылар - 254,9 мың бас немесе 102,5%;
- қой мен ешкі - 555,2 мың басты немесе 100,4%;
- - құстар - 9 538,7 мың басты немесе 108,2%;
- - шошқа - 32,0 мың басты немесе 98,7%.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
- 2025 жылғы қаңтар - қараша 270,2 млрд. теңге сомасына немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 110,6% азық-түлік өндірілді.
- Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 44,6%, сүт - 14,7%, өсімдік майы - 16,8%, астық өңдеу - 8,9%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 2,4%, өзге салалар - 12,6% алады.
- Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 89,4 мың тонна ет өндірді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 2794 тонна.
- Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 125,4 мың тонна болды, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 7,9% өсім, сары май өндірісі - 2029 тонна, ірімшік пен сүзбе - 1965 тонна, қышқыл сүт өнімдері- 8,6 мың тонна, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 10,3% өсім.
- Өсімдік майы өндірісі 73,1 мың тонна болды, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 10,7% өсім.
- Ұнтақталған ұн өндірісі 194,7 мың тонна болды.