Ақмола облысының ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамыту
(25.11.2025 жылғы жағдай бойынша)
- АӨК негізгі көрсеткіштері
- 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1009,1 млрд. теңгені (НКИ – 113,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 738,2 млн. теңге (НКИ –117,7%), мал шаруашылығы – 270,5 млн. теңге (НКИ – 102,9%) құрады.
-
- Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-қазан 94,8 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 134,1% құрады.
-
- Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар - қазан 5,3 млрд. теңгені құрады.
- Облыста барлығы 8432 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
-
- Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 23,9%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 402,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 96,1 мың адам (2025 жылдың 3-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).
- Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:
-2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында орташа жалақы 344,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% өсім (2024 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында - 273,3 мың теңге).
-3-тоқсанда орташа жалақы 407,6 мың теңге болды, өсім 24,4% (2024 жылдың 3-тоқсанында - 327,7 мың теңге).
- Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
- АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- - өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 26,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 15 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге)
- -мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;
- - қаржы құралдары – 30,4 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);
-терең өңдеуді субсидиялауға - 0,6 млрд. теңге.
Егін жинау (жедел мәліметтер бойынша)
4681,4 мың га алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар орылып, 7 630,5 мың тонна астық жиналды, орташа өнімділігі - 16,3 ц/га.
495,4 мың га алқапта майлы дақылдар жиналып, 554,5 мың тонна майлы тұқым алынды, орташа өнімділігі - 11,2 ц/га.
8,7 мың га алқапта картоп жиналып, 154,3 мың тонна картоп алынды, орташа өнімділігі - 177,4 ц/га.
1,4 мың га алқапта көкөністер жиналып, 20,6 мың тонна көкөніс алынды, орташа өнімділігі - 151,7 ц/га.
- Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2025 жылғы қаңтар-қазан АШТӨ барлығы 62,1 млрд. теңге сомасына 1619 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:
- астық жинайтын комбайндар – 23,8 млрд. теңге сомасына 175 бірлік;
- тракторлар – 14,0 млрд. теңге сомасына 332 бірлік;
- сепкіш кешендер– 8,0 млрд. теңге сомасына 57 бірлік;
- сепкіштер - 0,7 млрд. теңге сомасына 292 бірлік;
- басқа техника – 15,6 млрд.теңге сомасына 763 бірлік.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар- қазан айларында облыста өндірілді:
- тірі салмақтағы ет- 168,5 мың тонна немесе 104,6% 2024 жылғы деңгейге қарай;
- сүт – 204,9 мың тонна немесе 101,1%;
- тауық жұмыртқасы – 573,6 млн. дана немесе 98,6%.
- 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мал басының жалпы саны:
- Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 378,9 мың басты құрап, 2024 жылғы деңгейдің 97,8%-ын құрайды, оның ішінде:
- - сиыр басы – 175,3 мың бас немесе 94,7%;
- жылқылар – 261,8 мың бас немесе 102,5%;
- қой мен ешкі – 576,5 мың басты немесе 100,6%;
- - құстар – 10 130,5 мың басты 113,5%;
- - шошқа – 34,0 мың басты 97,5%.
2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру
- 2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 45,1 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
-1 жоба құс шаруашылығы бойынша 12,0 млрд теңге;
-4 жоба СТФ құрылысы бойынша 15,2 млрд теңге;
-3 жоба суару бойынша 0,8 млрд теңге;
-1 жоба ет фермаларын салу бойынша 700 млн. теңге;
-5 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 8,2 млрд теңге;
-6 жоба астық, картоп және көкөніс қоймаларын салу бойынша 8,2 млрд теңге.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
- 2025 жылғы қаңтар - қазан 241,8 млрд. теңге сомасына немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 110,3% азық-түлік өндірілді.
- Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 44,6%, сүт – 15,4%, өсімдік майы – 15,0%, астық өңдеу – 9,0%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,4%, өзге салалар – 13,6% алады.
- Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 81,4 мың тонна ет өндірді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 2546 тонна.
- Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 114,2 мың тонна болды, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 8,3% өсім, сары май өндірісі - 1842 тонна, ірімшік пен сүзбе - 1710 тонна, қышқыл сүт өнімдері- 7,8 мың тонна, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 11,2% өсім.
- Өсімдік майы өндірісі 64,1 мың тонна болды, бұл 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 6,7% өсім.
- Ұнтақталған ұн өндірісі 172,5 мың тонна болды.