АӨК негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 314 025,3 млн. теңгені (НКИ – 107,1%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 103 754,8 млн. теңге (НКИ –115,8%), мал шаруашылығы – 210 162,6 млн. теңге (НКИ – 102,9%) құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-тамыз 66,3 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 134,9% құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,9 млрд. теңгені құрады.
Облыста барлығы 8432 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 22,9% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 402,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 92,2 мың адам (2025 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2025 жылдың қаңтар-маусым ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 309,8 мың теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-маусым –245 мың теңге 26,4%- ға өсіммен).
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 26,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 15 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;
- қаржы құралдары – 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);
-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,6 млрд. теңге.
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 5,5 млн. га құрады, оның ішінде:
- дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4 681,4 мың га алқапқа орналастырылды;
- майлы дақылдар - 495,4 мың га;
- жемшөп дақылдары - 336,6 мың га;
- картоп - 8,7 мың га;
- көкөністер - 1,4 мың га.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2025 жылғы қаңтар-тамыз АШТӨ барлығы 47 млрд. теңге сомасына 1431 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:
- астық жинайтын комбайндар – 16,5 млрд. теңге сомасына 136 бірлік;
- тракторлар - 12,1 млрд. теңге сомасына 300 бірлік;
- егіс кешендері - 6,5 млрд. теңге сомасына 49 бірлік;
- сепкіштер - 0,6 млрд. теңге сомасына 276 бірлік;
- басқа техника – 11,3 млрд.теңге сомасына 670 бірлік.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында облыста өндірілді:
- тірі салмақтағы ет 136,4 мың тонна немесе 104,7% 2024 жылғы деңгейге қарай;
- сүт – 163,7 мың тонна немесе 101,3%;
- тауық жұмыртқасы – 458 млн. дана немесе 98%.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мал басының жалпы саны:
- шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 391 мың басты немесе 98,1% құрайды, оның ішінде:
- сиыр басы – 184,1 мың бас немесе 97,3%;
- жылқылар – 268,9 мың бас немесе 102,6%;
- қой мен ешкі – 610,4 мың басты немесе 100,8%;
- құстар – 9 838,9 мың басты 103,5%;
- шошқа – 38,1 мың басты 95,9%.
2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру
2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 45,1 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
- құс шаруашылығы бойынша - 12,0 млрд. теңге сомасына 1 жоба;
- СТФ құрылысы бойынша - 15,2 млрд. теңге сомасына 4 жоба;
- суару бойынша - 0,8 млрд. теңге сомасына 3 жоба;
- ет фермаларын салу бойынша - 700 млн. теңге сомасына 1 жоба;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша - 8,2 млрд. теңге сомасына 5 жоба;
- астық, картоп, көкөніс қоймаларын салу бойынша - 8,2 млрд. теңге сомасына 6 жоба.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2025 жылғы қаңтар - тамызда 189,5 млрд. теңге сомасына немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 111,5% азық-түлік өндірілді.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 44,1%, сүт – 15%, өсімдік майы – 16%, астық өңдеу – 10%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,4%, өзге салалар – 12,5% алады.
Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 65,8 мың тонна ет өндірді, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 9% - ға өсті, шұжық өнімдері - 2034 тонна.
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 91,1 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 9,2% - ға өсті, сары май 1483 тонна, ірімшік және сүзбе – 1282 тонна, ашымал сүт өнімдері – 6,2 мың тонна өндірілді немесе 10% - ға өсті.
Өндірілген өсімдік майының көлемі 51,9 мың тонна 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 0,5% - ға өсті.
Ұсақ тартылған ұн 128,2 мың тонна құрады.