АӨК негізгі көрсеткіштері
2025 жылғы қаңтар-маусымда айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 158 503,5 млн. теңгені (НКИ-104,2%) құрады оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 1 349,0 млн. теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы - 157 122,8 млн. теңге (НКИ-104,1%).
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-маусымда 50,2 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 147,3% -ды құрады.
2025 жылғы қаңтар-маусымда тамақ өнімдерінің өндірісіне негізгі капиталға инвестициялар 2,6 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 61,4% -ды құрады (қайта өңдеу кәсіпорындарына күрделі салымдардың төмендеуі есебінен).
Облыста барлығы жұмыс істеп тұрған 8432 агроқұрылым бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермер қожалықтары.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны - жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 21,5% (барлығы - 400,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 85,9 мың адам (2025 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша).
Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 2025 жылғы 1-тоқсанда 269,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,2% -ға өсті (2024 жылғы қаңтар-наурызда - 207,0 мың теңге немесе 106,9%).
Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;
2025 жылғы қаңтар-маусымда АШТӨ 31,1 млрд. теңге сомасына 907 бірлік техника сатып алды (2024 жылғы қаңтар-маусымда - 17,3 млрд. теңгеге 630 бірлік), оның ішінде:
- астық жинау комбайндары - 7,5 млрд. теңге сомасына 64 бірлік;
- тракторлар - 9,6 млрд. теңге сомасына 237 бірлік;
- егіс кешендері - 6,4 млрд. теңге сомаға 47 бірлік;
- сеялка - 0,36 млрд. теңге сомасына 160 бірлік;
- өзге техникалар - 7,3 млрд. теңге сомасына 399 бірлік.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар-маусымда облыста:
- тірі салмақтағы ет - 106,6 мың тонна немесе 2024 жылғы деңгейге 105,8%;
- сүт - 115,5 мың тонна немесе 102,5%;
- тауық жұмыртқасы - 337 млн. дана немесе 99%.
2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу
Ақмола облысында мыналар бар:
- Өндірістік қуаты жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;
- Өндірістік қуаты жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаты жылына 1 108,5 мың тонна болатын 30 ұн тарту кәсіпорны;
- өндірістік қуаты жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын.
2025 жылғы қаңтар-маусымда 140,3 млрд. теңге сомасына немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 114% -ға азық-түлік өндірілді.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымындағы негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 45%, сүт - 14%, өсімдік майы - 16%, астық өңдеу - 11%, нан және нан-тоқаш өнімдері - 2%, өзге де салалар - 12% алады.
Етті қайта өңдеу
Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары заттай көріністе 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,6% - ға өсумен 50,6 мың тонна ет өндірді, шұжық өнімдерін өндіру көлемі 1523 тоннаны құрады.
Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі орташа алғанда 79,7% -ды құрады (2024 жылы - 71,8%).