Дағдарысқа қарсы шаралар
047 тыңайтқыштар құнын субсидиялау
(органикалық қоспағанда)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау тәртібін көздейтін өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілді.
Субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) шығындарын өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінімді электрондық түрде беруі.
Тыңайтқыштарды өндірушіден шарт негізінде арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық түрде береді.
Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыш өндіруші осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей енгізген жағдайда тыңайтқыш өндірушіге төленеді.
Тыңайтқыштарды өндіруші нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.
Бұл ретте субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 65-тармағының 1) қосалқы пунктінің үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерде тыңайтқыштар сатылмаған ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады.;
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеу арқылы жүзеге асырылады);
3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "заңды тұлғалар" немесе "жеке тұлғалар"мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде деректері расталған субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы. Бұл ретте аударым өтінімі үшін тыңайтқыштарды өндірушіде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы қажет;
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен ЭШФ АЖ ақпараттық өзара іс-қимылының нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштар үшін шығындарды растау негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, электрондық шот-фактура өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде "сұрау салу – жауап" режимінде ЭШФ АЖ-дан сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура автоматты түрде ЭШФ АЖ-да бұғатталады, ЭШФ АЖ-дан тыңайтқыштарды сатушыға және ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны бұғаттау және пайдалану туралы хабарлама жіберіледі).
Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
АУЫЛШАРТАУАРЫНӨНДІРУШІ (ауылшаркооперативі) тыңайтқыштарды ЭШФ АЖ пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыш өндірушіден тікелей сатып алған кезде тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациядағы мәліметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыштарды сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе Мемлекеттік кіріс органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтерімен расталады;
5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "жылжымайтын мүлік тіркелімі"мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы талап осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім (өтпелі өтінім) берген ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші субсидия алушы болып табылады.
Жер учаскелері тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі субсидияларға өтінім (өтпелі өтінім) береді:
тыңайтқыштарды сатып алған кезде ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері, бұл ретте субсидиялар алушылар ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері болып табылады;
тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы кооперативі сатып алған кезде, бұл ретте субсидиялар алушы Ауыл шаруашылығы кооперативі болып табылады.
Бұл ретте ауылшаркооперативіне мүшелік өтінімге ауылшаркооперативі мүшелерінің мүшелігіне қабылдау туралы ауылшаркооперативі мүшелерінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесін бекіту арқылы расталады.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығы шаруа немесе фермер қожалығы тыңайтқыштарды сатып алған кезде субсидияларға өтінім (өтпелі өтінім) береді, бұл ретте шаруа немесе фермер қожалығы субсидия алушы болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожалығына мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстыру арқылы расталады;
Жер учаскелерінің жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығын Лизингтік компанияға беруді көздейтін дайын объектінің лизингі жағдайында ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) Лизингтік компания растайтын жер учаскелерінің деректемелерін көрсетеді;
6) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскелерінің егістіктің бүкіл алаңына арналған танаптарының электрондық карталарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу арқылы жүзеге асырылады;
7) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығымен тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің Ұрықтандырылатын алаңына арналған электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кемінде алты агрохимиялық көрсеткіш (қарашірік, су немесе тұз сығындысының сутегі көрсеткіші (рН), азот (нитратты не жеңіл гидролизденетін не сілтілі гидролизденетін), фосфордың, калийдің және күкірттің жылжымалы нысандары) бойынша тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру кезінде электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу талап етілмейді.
2020 жылы осы бағдарлама бойынша дағдарысқа қарсы шараларға республикалық бюджеттен 1,0 млрд теңге бөлінді (100% игерілді). Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін алушылар саны 44 субъектіні құрады, алынған тыңайтқыш көлемі 18,98 мың тонна, жалпы ауданы 274,8 мың га.