Тұқым шаруашылығы

Дағдарысқа қарсы шаралар

002 "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" бағдарламасы»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртібін көздейтін өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілді.

Субсидиялар мыналарға арналған:

1) аудандастырылған және перспективалы сорттардың нақты сатып алынған бірегей тұқымдары үшін элиттұқымшарлардың шығындарын ішінара (70 %) өтеу;

2) нақты сатып алынған элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың, ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (70 %) өтеу;

3) бірінші көбейтілген нақты сатып алынған тұқым және (немесе) екінші көбейтілген мақта тұқымы үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50 %) өтеу;

4) бірінші ұрпақ будандарының нақты сатып алынған тұқымдары үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50 %) өтеу;

5) нақты сатып алынған элиталық көшеттер үшін ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеу.

Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

1) элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) және ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу арқылы жүзеге асырылады;

2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "заңды тұлғалар" немесе "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткізушінің және ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке шотының болуы;»;

3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен ЭШФ АЖ ақпараттық өзара іс-қимылының нәтижесінде элиттұқымшар, тұқымшар және субсидияланатын тұқымдардың ауылшартауарынөндірушісі (ауылшаркооперативі) сатып алған тұқымдардың шығындарын растау арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте субсидиялар алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

Элиттұқымшар, тұқымшар және ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидияланатын тұқымдарды ЭШФ АЖ пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған кезде субсидияланатын тұқымдарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациядағы мәліметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден субсидияланатын тұқымдарды сатып алған элиттұқымшар, тұқымшар, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) үшін) немесе субсидияланатын тұқымдарды ЭШФ АЖ пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден сатып алған, тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінді;

4) элиттұқымшарда, тұқымшарда және ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "жылжымайтын мүлік тіркелімі"мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиісті алаңы бар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайларда жол беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы талап осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім (өтпелі өтінім) берген ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші субсидия алушы болып табылады.

Жер учаскелері тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі субсидияларға өтінім (өтпелі өтінім) береді:

субсидияланатын тұқымдарды ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері сатып алған кезде, бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері субсидия алушылар болып табылады;

субсидияланатын тұқымдарды ауылшаркооперативі сатып алған кезде, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.

Бұл ретте ауылшаркооперативіне мүшелік өтінімге ауылшаркооперативі мүшелерінің мүшелігіне қабылдау туралы ауылшаркооперативі мүшелерінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесін бекіту арқылы расталады.

Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығы шаруа немесе фермер қожалығы тұқым сатып алған кезде субсидияларға өтінім (өтпелі өтінім) береді, бұл ретте шаруа немесе фермер қожалығы субсидия алушы болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожалығына мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстыру арқылы расталады;

5) элиттұқымшарға, тұқымшарға және ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған танаптардың электрондық карталарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығымен тіркеу.

2020 жылы осы бағдарлама бойынша дағдарысқа қарсы шараларға республикалық бюджеттен 341 670,0 мың теңге бөлінді (100% игерілді). Қызмет алушылардың (өтінімдердің) саны 170 өтінім , құнын арзандату жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету есебінен өнімділікті арттыру:

- элиталық тұқымдар - 6098 тонна;

- бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары - 5370 тонна;;

- бірегей тұқымдар-60 тонна.

Тұқым шаруашылығы
Дата публикации
11 ноября 2020