Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 127 515,7 млн. теңгені (НКИ – 106,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1 101,3 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 126 397,7 млн. теңге (НКИ – 106,6%) құрады.

Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-мамырда 20,7 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,0 млрд. теңгені құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 400,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,9 мың адам (2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2025 жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 269,6 мың теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-наурыз – 207,0 мың теңге немесе 106,9%).

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау. АӨК субсидиялау

          Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау26,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 15 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге);

 -мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;

 - қаржы құралдары 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар –       21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,6 млрд. теңге.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2025 жылғы қаңтар-мамырда АШТӨ барлығы 25,7 млрд. теңге сомасына 716 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

- астық жинайтын комбайндар - 5,5 млрд. теңге сомасына 44 бірлік;

- тракторлар - 8,2 млрд. теңге сомасына 184 бірлік;

- егіс кешендері - 6,0 млрд. теңге сомасына 45 бірлік;

- сепкіштер - 0,3 млрд. теңге сомасына 140 бірлік;

- басқа техника - 5,7 млрд.теңге сомасына 303 бірлік.

Мал шаруашылығы

2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында облыста тірі салмақтағы ет 88,2 мың тонна (109,7%), сүт – 87 мың тонна (103,1%), тауық жұмыртқасы – 275,1 млн. дана (98,4%) өндірілді.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 455,3 мың басты (2024 жылдың ұқсас кезеңіне 102,5%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 190,5 мың бас (102,1%).

Жылқылардың саны 292,6 мың басты (108%), құстар – 9637,7 мың басты (102,2%) құрады.

Қой мен ешкі саны 738,1 мың басты (109,8%), шошқа – 53,7 мың басты (82,6%) құрады.

2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру

  • 2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 46,5 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
  • - сүт өндіру бойынша-22,8 млрд. теңге сомасына 5 жоба;
  • - егістіктерді суару бойынша-10,3 млрд. теңге сомасына 7 жоба;
  • - ет өндіру бойынша 0,7 млрд. теңге сомасына 1 жоба;
  • - АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша-6,1 млрд. теңге сомасына 2 жоба;
  • - астық сақтау бойынша-6,5 млрд. теңге сомасына 5 жоба.

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 1365,8 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;

- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 117,0 млрд. теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға өсті.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 44,9%, сүт – 13,7%, өсімдік майы – 16,1%, астық өңдеу – 11,5%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,2%, өзге салалар – 11,6% алады.

Етті қайта өңдеу

Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 42,6 мың тонна ет өндірді, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 13,9% - ға өсті, шұжық өнімдері - 1206 тонна 2024 жылдың өткен жылдың деңгейінде.

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 55,9 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 10,9% - ға өсті, сары май 943 тонна, ірімшік және сүзбе – 722 тонна, ашымал сүт өнімдері – 3,8 мың тонна өндірілді немесе 7,1% - ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 70,0 мың тонна 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 2,1% - ға өсті.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 83,6 мың тонна құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 2,1% - ға өсті.

Дата публикации
27 июня 2025