Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың
қаңтар-сәуір айларындағы Ақмола облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуы
АӨК негізгі көрсеткіштері
- 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 99 822,1 млн. теңгені (НКИ – 107,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 950,7 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 98 858,4 млн. теңге (НКИ – 107,6%) құрады.
-
- Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
-
- Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-сәуірде 12,4 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,5 млрд. теңгені құрады.
- Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 400,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,9 мың адам (2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша).
- 2025 жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 269,6 мың теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-наурыз – 207,0 мың теңге немесе 106,9%).
- Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
- АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- - өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 26,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 15 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;
- - қаржы құралдары – 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);
- -терең өңдеуді субсидиялауға – 0,6 млрд. теңге.
- Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2025 жылғы қаңтар-сәуірде АШТӨ барлығы 11,7 млрд. теңге сомасына 379 бірлік техника сатып алды.
Мал шаруашылығы
- 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында облыста тірі салмақтағы ет 71,6 мың тонна (111,3%), сүт – 62,1 мың тонна (103%), тауық жұмыртқасы – 212,9 млн. дана (97,3%) өндірілді.
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 449,7 мың басты (2024 жылдың ұқсас кезеңіне 101,5%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 188,0 мың бас (100,6%).
Жылқылардың саны 277,3 мың басты (107,8%), құстар – 9654,9 мың басты (102,7%) құрады.
- Қой мен ешкі саны 709,9 мың басты (110%), шошқа – 50,7 мың басты (82,4%) құрады.
2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру
- 2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 46,5 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
- - сүт өндіру бойынша-22,8 млрд. теңге сомасына 5 жоба;
- - егістіктерді суару бойынша-10,3 млрд. теңге сомасына 7 жоба;
- - ет өндіру бойынша 0,7 млрд. теңге сомасына 1 жоба;
- - АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша-6,1 млрд. теңге сомасына 2 жоба;
- - астық сақтау бойынша-6,5 млрд. теңге сомасына 5 жоба.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1365,8 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
- 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 94,1 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға өсті.
- Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 43,5%, сүт – 11,6%, өсімдік майы – 16,9%, астық өңдеу – 13,5%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,2%, өзге салалар – 12,3% алады.
Етті қайта өңдеу
- Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 34,5 мың тонна ет өндірді, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 16,2% - ға өсті, шұжық өнімдері - 1028 тонна 2024 жылдың өткен жылдың деңгейінде.
- Сүтті қайта өңдеу
- Өңделген сүт өндірісінің көлемі 44,3 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 13,1% - ға өсті, сары май 742 тонна немесе 3,9% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 511 тонна, ашымал сүт өнімдері – 3,0 мың тонна өндірілді немесе 7,2% - ға өсті.
- Майлы дақылдарды қайта өңдеу
- Өндірілген өсімдік майының көлемі 28,7 мың тоннаны 2024 жылдың өткен жылдың деңгейінде.
- Ұн өндіру
- Ұсақ тартылған ұн 67,2 мың тонна құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 4,8% - ға өсті.