2025 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып
тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған
тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын
түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған
тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар
нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы
әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов

Дата публикации
20 мая 2025