АӨК негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 72 021,4 млн. теңгені (НКИ – 107,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 738,2 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 72 273,9 млн. теңге (НКИ – 107,3%) құрады.
Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-наурызда 7,1 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,3 млрд. теңгені құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,3% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,4 мың адам (2024 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2024 жылдың 4-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 332,1 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда – 288,4 мың теңге немесе 114,1%).
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,3 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 26,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 15 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;
- қаржы құралдары – 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);
-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,6 млрд. теңге.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2025 жылғы қаңтар-наурызда АШТӨ барлығы 5,6 млрд. теңге сомасына 162 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 1,0 млрд. теңге сомасына 12 бірлік;
- тракторлар – 2,4 млрд. теңге сомасына 56 бірлік;
- сепкіштер – 43,6 млн. теңге сомасына 18 бірлік;
- егіс кешендері – 455,6 млн. теңге сомасына 4 бірлік;
- өзге де техникалар – 1,7 млрд. теңге сомасына 72 бірлік.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында облыста тірі салмақтағы ет 52,5 мың тонна (109,9%), сүт – 41,6 мың тонна (103,7%), тауық жұмыртқасы – 159,8 млн. дана (100,4%) өндірілді.
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 426,4 мың басты (2024 жылдың ұқсас кезеңіне 99,5%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 188,0 мың бас (100,5%).
Жылқылардың саны 263,3 мың басты (107,9%), құстар – 9678,6 мың басты (104,8%) құрады.
Қой мен ешкі саны 660,2 мың басты (107,9%), шошқа – 47,9 мың басты (82,8%) құрады.
2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру
2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 46,5 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
- сүт өндіру бойынша-22,8 млрд. теңге сомасына 5 жоба;
- егістіктерді суару бойынша-10,3 млрд. теңге сомасына 7 жоба;
- ет өндіру бойынша 0,7 млрд. теңге сомасына 1 жоба;
- АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша-6,1 млрд. теңге сомасына 2 жоба;
- астық сақтау бойынша-6,5 млрд. теңге сомасына 5 жоба.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1365,8 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 68,7 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға өсті.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 43,5%, сүт – 11,6%, өсімдік майы – 16,9%, астық өңдеу – 13,5%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,2%, өзге салалар – 12,3% алады.
Етті қайта өңдеу
Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 24,8 мың тонна ет өндірді, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 15,4% - ға өсті, шұжық өнімдері - 774 тонна 2024 жылдың өткен жылдың деңгейінде.
Сүтті қайта өңдеу
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 32,9 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 13,9% - ға өсті, сары май 560 тонна немесе 9,8% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 348 тонна, ашымал сүт өнімдері – 2,2 мың тонна өндірілді немесе 8,2% - ға өсті.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 21,3 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 3,4% - ға өсті.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 54,0 мың тонна құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 3,7% - ға өсті.