Ақмола облысының шаруашылықтарындағы көктемгі дала жұмыстары 2025 жылы
2025 жылғы Ақмола облысындағы шаруашылықтардың көктемгі дала жұмыстары бойынша практикалық ұсыныстарда ауа райының ерекшеліктері және дала технологиялық жұмыстарының ықтимал сценарийлері қарастырылған. Елдің топырақ-климаттық аймақтары бойынша егістікті пайдалану құрылымын жетілдіру, егіс алқаптарын әртараптандыру, топырақ ылғалын сақтау және тиімді пайдалану, топырақты эрозиядан қорғау, тұқымдық материалды егуге дайындау, агротехника элементтері (әдістері, мерзімдері және себу нормалары), минералды тыңайтқыштарды қолдану, өсімдікті қорғау құралдарын пайдалану және дәнді, дәнді азықтық, дәнді бұршақ, жарма, майлы дақылдарды, бір жылдық және көп жылдық жем-шөп дақылдарын өсіру бойынша іс-шаралар қамтылған. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде дәлме-дәл егіншілік жүйесінің элементтерін қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Отандарлық селекцияның аудандастырылған ауыл шаруашылық дақылдарының сорттары мен гибридтері ұсынылған.
Практикалық ұсыныстар Ақмола облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларына, мамандарына, фермерлерге, механизаторларға арналған.