АӨК негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 20 701,5 млн. теңгені (НКИ – 99,9%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 249,2 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 20 449,6 млн. теңге (НКИ – 99,9%) құрады.
Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтарда 2,6 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 300,3 млн. теңгені құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,3% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,4 мың адам (2024 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2024 жылдың 4-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 332,1 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда – 288,4 мың теңге немесе 114,1%).
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 51,2 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 14,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 3 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;
- қаржы құралдары – 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);
-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,6 млрд. теңге.
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс 5,2 млн. га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын көктемгі егіс жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде: дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар 4,7 млн. га, майлы дақылдар - 350 мың га, жемшөп дақылдары-175 мың га.
Картоп отырғызу 8,9 мың га және көкөніс - 1,5 мың га алаңда жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2025 жылғы қаңтарда АШТӨ барлығы 0,5 млрд. теңге сомасына 14 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 160,9 млн. теңге сомасына 2 бірлік;
- тракторлар – 60,7 млрд. теңге сомасына 5 бірлік;
- өзге де техникалар – 332,4 млн. теңге сомасына 7 бірлік.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар айында облыста тірі салмақтағы ет 15,0 мың тонна (96,6%), сүт – 11,4 мың тонна (105,1%), тауық жұмыртқасы – 54,3 млн. дана (116,2%) өндірілді.
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 393,0 мың басты (2024 жылдың ұқсас кезеңіне 99,9%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 186,2 мың бас (99,7%).
Жылқылардың саны 257,8 мың басты (107%), құстар – 9915,6 мың басты (115%) құрады.
Қой мен ешкі саны 609,5 мың басты (109,1%), шошқа – 42,9 мың басты (82,9%) құрады.
2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру
2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 45,1 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
- сүт өндіру бойынша-22,8 млрд. теңге сомасына 5 жоба;
- егістіктерді суару бойынша-10,3 млрд. теңге сомасына 7 жоба;
- ет өндіру бойынша 0,7 млрд. теңге сомасына 1 жоба;
- АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша-6,0 млрд. теңге сомасына 1 жоба;
- астық сақтау бойынша-5,3 млрд. теңге сомасына 4 жоба.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1365,8 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2025 жылдың қаңтар айында 20,5 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 46,1%, сүт – 21,4%, өсімдік майы – 11,6%, астық өңдеу – 9,8%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 1,9%, өзге салалар – 9,2% алады.
Етті қайта өңдеу
Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 6,4 мың тонна ет өндірді, шұжық өнімдері - 267 тонна.
Сүтті қайта өңдеу
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 10,3 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 10,3% - ға өсті, сары май 189 тонна немесе 5,6% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 101 тонна, ашымал сүт өнімдері – 684 тонна өндірілді немесе 4,1% - ға өсті.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 7,7 мың тоннаны құрады.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 18,2 мың тонна өндірілді немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 2,6% - ға өсті.