Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың желтоқсан-қараша айларындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 920 097,1 млн. теңгені (НКИ – 145,3%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 629 570,7 млн. теңге (НКИ –179,3%), мал шаруашылығы – 290 251,0 млн. теңге (НКИ – 101,3%) құрады.

Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар- желтоқсанда 80,1 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,5 млрд. теңгені құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 24,2% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 403,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 97,4 мың адам (2024 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2024 жылдың 3-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 327,7 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,9% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-қазанда – 273,3 мың теңге немесе 111,6%).

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау

АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2024 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 46,4 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,5 млрд. теңге (пестицидтер – 9 436,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 5 048,9 млн. теңге, тұқымдар– 617,5 млн. теңге, басым дақылдар – 400 млн. теңге);

-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,4 млрд. теңге;

- қаржы құралдары – 24,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар –       15 916,1 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 8 667,2 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,9 млрд. теңге.

Өсімдік шаруашылығы

4696 мың га алаңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бастырылды немесе егін жинау алаңының 100%, орташа өнімділігі 14,1 ц/га болған кезде 6602 мың тонна астық бастырылды.

Майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр, қыша, зімбір, соя) 258,5 мың га алаңынан 10,8 ц/га өнімділікте 276 мың тонна жиналды.

Картоп 7766,2 га алқаптан өнімділігі 177,1 ц/га болған кезде 137,5 мың тонна жиналды.

Көкөністер 1449,5 га алқаптан өнімділігі 132,8 ц/га болған кезде 19,2 мың тонна жиналды.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда АШТӨ барлығы 51,6 млрд. теңге сомасына 1458 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

- астық жинау комбайндары – 26,3 млрд. теңге сомасына 271 бірлік;

- тракторлар – 13,6 млрд. теңге сомасына 383 бірлік;

- сепкіштер – 448,8 млн. теңге сомасына 271 бірлік;

- егіс кешендері – 2,4 млрд. теңге сомасына 19 бірлік;

- өзге де техникалар – 8,9 млрд. теңге сомасына 514 бірлік.

Мал шаруашылығы

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыста тірі салмақтағы ет 195,7 мың тонна (99,1%), сүт – 234,8 мың тонна (105,3%), тауық жұмыртқасы – 689,7 млн. дана (99,8%) өндірілді.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 366,2 мың басты (2024 жылдың ұқсас кезеңіне 99,2%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 187,9 мың бас (102,2%).

        Жылқылардың саны 241,9 мың басты (99,2%), құстар – 9051,8 мың басты (108,1%) құрады.

Қой мен ешкі саны 538,8 мың басты (102,3%), шошқа – 31,5 мың басты (63,4%) құрады.

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық

жобаларды іске асыру

2024 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 44,7 млрд. теңгеге 31инвестициялық жоба жүзеге асырылды, оның ішінде:

- 560 млн. теңгеге астық қоймаларын салу бойынша 4 жоба;

- 15,3 млрд. теңгеге СТФ құру бойынша 5 жоба;

- 735 млн. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба;

- 12 млрд. теңгеге құс фабрикаларын құру бойынша 1 жоба;

- 0,6 млрд. теңгеге сұйық тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойма салу бойынша 1 жоба;

- 10,8 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 8 жоба;

- 3,8 млрд. теңге суару бойынша 5 жоба;

- 0,8 млрд. теңге сомасында жем-шөп өндіру бойынша 1 жоба.

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

          - өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;        

         - өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

         - өндірістік қуаттылығы жылына 1365,8 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;

         - кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда 252 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өсті.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 46,1%, сүт – 21,4%, өсімдік майы – 11,6%, астық өңдеу – 9,8%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 1,9%, өзге салалар – 9,2% алады.

Етті қайта өңдеу

Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 91,6 мың тонна ет өндірді, шұжық өнімдері өндіріс көлемінде 3243 тонна.

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 120,6 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 19,1% - ға өсті, сары май 2304 мың тоннаны, ірімшік және сүзбе – 2205 тоннаны немесе 30,3% - ға өсті, ашымал сүт өнімдері – 8291 тонна өндірілді немесе 7% - ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 72,9 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 23,7%- ға өсті.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 230,8 мың тонна өндірілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 4,5% - ға өсті.

Дата публикации
24 января 2025