Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың қаңтар-сәуірде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2024 жылдың қаңтар-сәуірде Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 106 118,9 млн. теңгені (НКИ – 99,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 983,8 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 105 122,4 млн. теңге (НКИ – 99,5%) құрады.

Облыста барлығы 9361 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1923 - заңды тұлғалар, 695 - жеке кәсіпкерлер, 6743 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-сәуірде 27,1 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 107,8% құрады.

2024 жылғы қаңтар - сәуірде азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,2 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 52,2% (қайта өңдеу кәсіпорындарына салынған күрделі салымдарды төмендету есебінен) құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,8% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 406 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 88,4 мың адам (2024 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2024 жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 207 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9% - ға өсті.

АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2024 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 47,9 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 13,6 млрд. теңге (пестицидтер – 7 559,0 млн. теңге, тыңайтқыштар - 5 048,9 млн. теңге, тұқымдар– 617,5 млн. теңге, басым дақылдар – 400 млн. теңге);

-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,4 млрд. теңге;

- қаржы құралдары – 27,9 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 14 091,1 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 11 667,2 млн. теңге, қарызға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде – 2 129,9 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,9 млрд. теңге.

Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс 5,3 млн. га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын көктемгі егіс жүргізу жоспарлануда, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,6 млн. га, майлы дақылдар – 400 мың. га, жемшөп дақылдары – 340 мың га алқапқа орналастырылатын болады, картоп 4,7 мың га және көкөністер 2 мың га алаңында отырғызу жүргізілетін болады.  

Бүгінгі таңда 1,5 млн. га алқапқа немесе жоспардың 29% егіс жүргізілді.

- дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-1229 мың га алаңда немесе жоспардан 26,7%;

- майлы дақылдар-184,7 мың га немесе 46,2%;

- жемшөп дақылдары-123,9 мың га немесе 69,6%;

- ұйымдастырылған құрылымдардағы картоп - 2,8 мың га немесе 60,4%, көкөністер - 290 га немесе 91,1%.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2024 жылғы қаңтар-наурызда АШТӨ барлығы 8,8 млрд. теңге сомасына 248 бірлік техника сатып алды (2023 жылғы қаңтар-сәуірде – 16,7 млрд. теңгеге 366 бірлік), оның ішінде:

- астық жинау комбайндары – 2,9 млрд. теңге сомасына 23 бірлік;

- тракторлар – 3,9 млрд. теңге сомасына 81 бірлік;

- сепкіштер – 81,6 млн. теңге сомасына 57 бірлік;

- егіс кешендері – 0,5 млрд. теңге сомасына 5 бірлік;

- өзге де техникалар – 1,4 млрд. теңге сомасына 82 бірлік.

Мал шаруашылығы

2024 жылғы қаңтар-сәуірде облыста тірі салмақтағы ет 65,4 мың тонна (98,2%), сүт – 90,1 мың тонна (102,2%), тауық жұмыртқасы – 219,8 млн. дана (97,1%) өндірілді.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 482,2 мың басты (2023 жылдың ұқсас кезеңіне 98,1%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 204,7 мың бас (102,7%).

Жылқылардың саны 286,4 мың басты (98,8%), құстар – 9520,1 мың басты (98,9%) құрады.

Қой мен ешкі саны 728,6 мың басты (95%), шошқа – 65,2 мың басты (71,6%) құрады.

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық

жобаларды іске асыру

2024 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 84,8 млрд. теңгеге 41инвестициялық жоба іске асыруды жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде:

- 2,8 млрд. теңгеге астық қоймаларын салу бойынша 7  жоба;

- 43,5 млрд. теңгеге СТФ құру бойынша 11 жоба;

- 0,7 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба;

- 12 млрд. теңгеге құс фабрикаларын құру бойынша 1 жоба;

- 0,6 млрд. теңгеге сұйық тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойма салу бойынша 1 жоба;

- 18,2 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 8 жоба;

- 6,1 млрд. теңге суару бойынша 6 жоба;

- 0,8 млрд. теңге сомасында жем-шөп өндіру бойынша 1 жоба.

Іске асырылған инвестициялық жобалар

2024 жылдың 23.05. жағдайы бойынша 22,6 млрд. теңге сомасына 9 жоба іске асырылды:

- 1 жоба ет фермасын салу бойынша– «Макинское АШЖ» ЖШС 600 бас жылқыға 330 млн. теңге (Біржан сал ауданында);

- 1 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу - қуаттылығы 720 тонна «Қазгер Құс» ЖШС (құрама жем цехы) 127,2 млн.теңге (Біржан Сал ауданында);

- 1 жоба құс етін қайта өңдеу - қуаттылығы 346 мың тонна, құны 3,5 млрд. теңге «IL Tov» ЖШС (Қосшы қаласында);

- 1 жоба МТФ салу бойынша 2,2 млрд.теңге сомасына 1000 басқа арналған "АФ Родина" ЖШС (Целиноград ауданында);

- 1 жоба құс фабрикасын салу бойынша - "Ақ-Дала Агро" ЖШС 12 млрд. теңгеге 6 мың тонна (Аршалы ауданында);

- 1 жоба астық өңдеу жобасы - "АВМ AGRO" ЖШС қуаттылығы 31200 тонна 3800 млн. теңгеге (Шортанды ауданында);

- 1 жоба суару бойынша - "Зеленое-1" ЖШС 302 гектарға 0,5 млрд. теңгеге (Астрахан ауданында);

- 1 жоба ККМ құрылысы бойынша - "Қарлығаш" ШҚ 42 млн. теңге сомасына 50 басқа (Сандықтау ауданында);

- 1 жоба астық қоймаларын салу бойынша - "Тын Жер 18" ЖШС қуаттылығы сағатына 100 тонна, сомасы 140 млн. теңге (Ақкөл ауданында).

 Астана қ. айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту

Азық-түлік белдеуін дамыту аясында 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың 17 ауданы кірді.

Қазіргі уақытта облыстың 130 кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты негізде жеткізумен айналысады, оның ішінде 68 - мал шаруашылығы өнімдері (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 8 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).

Өнімдер Магнум, Астықжан, Смолл және Еуразия, әлем, Шапағат және т.б. базарлар сияқты Елорданың 44 ірі сауда нүктелеріне сатылады.

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

          - өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;        

         - өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

         - өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 29 ұн тарту;

         - кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2024 жылдың қаңтар-сәуірде 79,3 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға өсті.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 46%, сүт – 13,5%, өсімдік майы – 12%, астық өңдеу – 9,0%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,0%, өзге салалар – 17,5% алады.

Етті қайта өңдеу

Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,9 мың тонна немесе 3,5% өсумен ет өндірді, шұжық өнімдері өндіріс көлемінде 1065 тонна немесе 10,8%- ға төмендеді.

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 35,6 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 25,2% - ға өсті, сары май 713 мың тоннаны немесе 0,1% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 557 тоннаны немесе 45,4% - ға өсті, ашымал сүт өнімдері – 2791 тонна өндірілді немесе 0,4% - ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 28,5 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 53,7%- ға өсті.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 76,4 мың тонна өндірілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 0,5% - ға төмендеді.

Дата публикации
23 мая 2024