АӨК негізгі көрсеткіштері
2023 жылдың қаңтар - қараша айларына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 709 867 млн. теңгені құрады (НКИ – 74%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 371 098,8 млн. теңге (НКИ – 62,3%), мал шаруашылығы – 338 265,3 млн. теңге (НКИ – 104,2%).
Облыста барлығы 9585 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1974 - заңды тұлғалар, 803 - жеке кәсіпкерлер, 6808 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - қараша айлары кезеңіне 78,2 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 82,6%-ды құрады (күрделі салымдардың азаюына байланысты көрсеткіштің төмендеуі).
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар - қараша кезеңіне 8,5 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 34,5% - ды құрады (қайта өңдеу кәсіпорындарына күрделі салымдарды азайту есебінен).
2023 жылдың қаңтар – қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 299,1 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы деңгейге 89,9% - ды құрады (2022 жылдың қаңтар-қазан айларында – 332,6 млн. АҚШ доллары).
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 26,8% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 408,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 109,4 мың адам (2023 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2023 жылдың 3-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 271 мың теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2% - ға өсті (2023 жылғы қаңтар-қыркүйек - 12,7% өсіммен 244,9 мың теңге).
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі 55,8 млрд. теңге құрайды (ҚР Үкіметінің резервінен 9,4 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат бөлуді ескере отырып), оның ішінде:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 14,6 млрд. теңге (пестицидтер - 9 603,7 млн. теңге, тыңайтқыштар - 3 671,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығына – 1 117,5 млн. теңге, азық-түлік астығы - 240,6 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 12,8 млрд. теңге бөлінді;
- қаржы құралдары – 26,6 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 16 627,7 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 985 млн. теңге);
-өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 1,8 млрд. теңге.
Егін жинау
Дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар 4754,1 мың га алқапта бастырылды немесе егін жинау алаңының 100%, орташа өнімділігі 6,4 ц/га болған кезде 3039,3 мың тонна астық жиналды.
Майлы дақылдар 186,7 мың га алқапқа немесе егін жинау алаңының 100% жиналды, орташа өнімділігі 5,5 ц/га болған кезде 103,5 мың тонна май тұқымы жиналды.
Картоп 13,2 мың га алқапта немесе егін жинау алаңының 100,7% жиналды, орташа өнімділігі 112,6 ц/га болған кезде 148,4 мың тонна жиналды.
Көкөніс 2,1 мың га алқапта немесе егін жинау алаңының 102,3% жиналды, орташа өнімділігі 90,9 ц/га болған кезде 19,5 мың тонна жиналды.
Тұқымдарды толтыру
403,6 мың тонна көлемінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың тұқымдары немесе жоспардың 75,2% - ы себілді (жоспар - 536,8 мың тонна).
Буды өңдеу
(ағымдағы жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша)
1-ші және 2- ші жолмен буды өңдеу 802,4 мың га немесе жоспардың 100,1% алаңында жүргізілді (жоспар - 801,3 мың га), 3-ші жолмен - 668,4 мың га алаңда немесе 83,4%, 4-ші жолмен - 56,6 мың га алаңда немесе 7,1% жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2023 жылғы қаңтар – қараша айларында АШТӨ барлығы 65,4 млрд. теңге сомасына 2099 бірлік техника сатып алды (2022 жылғы қаңтар - қараша айларында - 69,6 млрд. теңгеге 1788 бірлік), оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 23,8 млрд. теңге сомасына 203 бірлік;
- тракторлар – 15,7 млрд. теңге сомасына 327 бірлік;
- тұқым септкіштер – 1,4 млрд. теңге сомасына 433 бірлік;
- егіс кешендері – 5,3 млрд. теңге сомасына 49 бірлік;
- өзге де техникалар – 19,2 млрд. теңге сомасына 1087 бірлік.
Мал шаруашылығы
Облыста тірі салмақтағы ет 185,6 мың тонна (108,7%), сүт – 377,8 мың тонна (99,5%), тауық жұмыртқасы – 656,1 млн. дана (97,1%) өндірілді.
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 465,3 мың басты (2022 жылдың ұқсас кезеңіне 99,6%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 235,9 мың бас (100,8%).
Жылқылардың саны 260,8 мың басты (109,9%), құстар - 9 077,7 мың басты (99,1%) құрады.
Қой мен ешкі саны 617,8 мың басты (105,5%), шошқа – 58 мың басты (80,3%) құрады.
Жемшөп дайындау
Ауыл шаруашылығы жануарларын қыстауды ұйымдастыру үшін барлық түрдегі жем толық көлемде дайындалды: шөп – 1306,8 мың тонна, пішендеме - 188 мың тонна, сүрлем – 150 мың тонна, сабан - 375,3 мың тонна.
Фермаларды құру
2023 жылы етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2531 бас ІҚМ 46 ферма құрылды (1 073,3 млн. теңге сомасына), сүтті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде - ретте 801 басқа 5 ферма іске асырылды (сомасы 592 млн. теңге).
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық
жобаларды іске асыру
2023 жылы жалпы сомасы 53,6 млрд. теңгеге 44 инвестициялық жоба іске асырылады, оның ішінде:
- 2,4 млрд. теңге сомасына астық қоймаларын салу бойынша 10 жоба (9 жоба іске асырылды);
- 5,2 млрд. теңге сомасына МТФ құру бойынша 6 жоба (4 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 0,4 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба тенге (6 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 2,5 млрд. тенге млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 9 жоба (9 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 33,3 млрд. тенгеге құс фабрикаларын құру бойынша 3 жоба (2 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 5,7 млрд. тенгеге жерді игеру бойынша 5 жоба (4 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 4 млрд. теңгеге көкөніс қоймаларын салу бойынша 3 жоба (3 жоба іске асырылды);
- 0,1 млрд. теңге сомасына бордақылау алаңын салу бойынша 2 жоба (2 жоба іске асырылды).
Қайта өңдеу
Ақмола облысында:
-өндірістік қуаттылығы жылына 117,8 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын;
-өндірістік қуаттылығы жылына 141,5 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту;
-кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 101,4 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2023 жылдың қаңтар - қараша айларында 240 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 49%, сүт – 15%, астық өңдеу – 10%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2%, өзге салалар – 24% алады.
Етті қайта өңдеу
Ет өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар 2022 жылмен салыстырғанда 85,6 мың тонна немесе 17,2% өсумен ет өндірді, шұжық өнімдерін өндіру 2,7 мың тоннаны немесе 22,7%- ға төмендеді.
Сүтті қайта өңдеу
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 88 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 12,5% - ға өсті, сары май 2,2 мың тоннаны немесе 28% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 1,6 мың тоннаны немесе 29,1% - ға өсті, ашымал сүт өнімдері – 7,1 мың тонна өндірілді немесе 6,6% - ға өсті.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 46,8 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 57,5%- ға өсті.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 179,1 мың тонна өндірілді немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%