Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Жоба) 8-ші тармағына сәйкес әкімдік қаулысының осы жобасын әзірледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қосымша бөлінетін қаражатынан субсидиялар көлемін бекітуді және қаражатты мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың басым мақсаттары мен көрсеткіштеріне сәйкес қайта бөлуді көздейді.
Жобамен «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14739659