«Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке беру кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

Қазақстан Республикасының  Жер кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

 көрсетілген  бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
01 июня 2023