2023 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.