Ақмола облысының аумағында карантиндік режимінің күшін жою және «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысының аумағында

карантиндік режимінің күшін жою

және «Ақмола облысы аумағында

карантиндік режимін енгізе отырып

карантинді аймағын белгілеу туралы»

Ақмола облысы әкімдігінің

2021 жылғы 28 мамырдағы №А-5/270

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

      «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 20 ақпандағы №03-06-70 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы аумағында келесі аудандарда залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:

      1) Жарқайың ауданы, Отрадный ауылдық округі, залалданған ауданы - 400 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;

      2) Қорғалжын ауданы, Кеңбидайық ауылдық округі, залалданған ауданы - 150 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;

      3) Қорғалжын ауданы, Қарашалғын ауылдық округі, залалданған ауданы - 615 гектар жатаған (қызғылт) укекіре;

      4) Сандықтау ауданы, Васильев ауылдық округі, залалданған ауданы - 540 гектар жатаған (қызғылт) укекіре.

      5) Целиноград ауданы, Мәншүк ауылдық округі, залалданған ауданы – 0,46 гектар далалық арам сояу.

      2. «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8493 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
24 марта 2023