Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың қаңтар айына Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың қаңтар айына Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

      АӨК негізгі көрсеткіштері

      2023 жылдың қаңтар айына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 26 047,5 млн. теңгені құрады (НКИ - 104,4%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 229,3 млн. теңге (НКИ - 100%), мал шаруашылығы - 25 815,9 млн. теңге (НКИ - 104,5%).

      Облыста барлығы 9169 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1996 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 774 - жеке кәсіпкерлер, 6399 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

      Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар айы кезеңіне 5,1 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 72,6% - ды құрады.

      Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2023 жылдың қаңтар айы кезеңіне 3,5 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас деңгейге 67,5%- ды құрады.

      Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны - 27% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы - 422,3 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 114 мың адам).

      2022 жыл бойынша ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 29% өсуімен орташа жалақы 227,2 мың теңгені құрады (2022 жылғы 4 – тоқсанда – 32,1%-ға   өсуімен  251,9  мың  теңге).

      Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау

      2023 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі 45,6 млрд. теңге құрайды, оның ішінде:

      - өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау12,9 млрд. теңге (пестицидтер - 9 103,7 млн. теңге, тыңайтқыштар - 3 171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығына - 617,5 млн. теңге);

      - Мал шаруашылығын субсидиялауға 5 млрд. теңге бөлінді;

      - инвестициялық салымдарға, қайта өңдеуді субсидиялауға, қарыздарға кепілдік беруге және сақтандыруға 17,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16627,7 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға - 1 025,9 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау - 83,5 млн. теңге);

      - кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 10 млрд. теңге.

      Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

      2023 жылғы қаңтар айында АШТӨ барлығы 3,7 млрд. теңге сомасына 73 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

      - астық жинау комбайндары – 1,4 млрд. теңге сомасына 7 бірлік;

      - тракторлар – 1,1 млрд. теңге сомасына 22 бірлік;

      - тұқым септкіштер – 0,2 млрд. теңге сомасына 5 бірлік;

      - өзге де техникалар – 1,0 млрд. теңге сомасына 39 бірлік.

 

      Мал шаруашылығы

      Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 479,3 мың басты (2022 жылдың ұқсас кезеңіне 100,2%) құрайды, оның ішінде сиыр басы - 228,5 мың бас (100,6%).

      Жылқылардың саны 248 мың басты (108,7%), құстар - 9 857,7 мың басты (105,9%) құрады.

      Қой мен ешкі саны 622,4 мың басты (104,5%), шошқа - 79,3 мың басты (84,1%) құрады.

      Облыста тірі салмақтағы ет 16,4 мың тонна (106,9%), сүт - 16,2 мың тонна (101,5%), тауық жұмыртқасы - 54,1 млн.дана (90,6%) өндірілді.

 

      Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

      2023 жылы жалпы сомасы 48 млрд. теңгеге 47 инвестициялық жоба іске асырылады, оның ішінде:

      - 4,1 млрд. теңге сомасына астық қоймаларын салу бойынша 10 жоба;

      - 9,2 млрд. теңге сомасына МТФ құру бойынша 11 жоба;

      - жалпы сомасы 0,7 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 5 жоба тенге;

      - жалпы сомасы 5,2 млрд. тенге млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 9 жоба;

      - жалпы сомасы 19,5 млрд. тенгеге құс фабрикаларын құру бойынша 4 жоба;

      - жалпы сомасы 5,5 млрд. тенгеге жерді игеру бойынша 5 жоба;

      - жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге көкөніс қоймаларын салу бойынша 2 жоба;

      - 0,3 млрд. теңге сомасына бордақылау алаңын салу бойынша 1 жоба.

      Қайта өңдеу

      Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет    өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 101,4 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар (2022 жылы қуаттылығы тәулігіне 600 тонна шикізат болатын "Бота-2015" ЖШС майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша ірі жоғары технологиялық зауыт іске қосылды, дайын өнімнің шығымы 54 мың тоннаны құрайды).

      2023 жылдың қаңтар айында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% өсіммен 17,5 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді.

      Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 61%, сүт – 13%, астық өңдеу – 10%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3%, өзге салалар – 13% алады.

 

      Етті қайта өңдеу

      Ет өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар 2021 жылмен салыстырғанда 18,6% өсіммен 8,5 мың тонна ет өндірді, шұжық өнімдерін өндіру 375 тоннаны, 7,4%- ға төмендеді.

 

      Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 6,2 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 12,2% - ға төмендеуі, сары май - 159 тоннаны 1,8 есе өсті, ірімшік және сүзбе – 74 тоннаны, 13,8% - ға өсті, ашымал сүт өнімдері - 566 тонна өндірілді, 3,7% - ға өсті.

 

      Майлы дақылдарды қайта өңдеу

      Өндірілген өсімдік майының көлемі 3,2 мың тоннаны құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 есе өсті.

 

      Ұн өндіру

      Ұсақ тартылған ұн 15,3 мың тонна өндірілді немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,3% - ға ұлғайды.

Дата публикации
28 февраля 2023