Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

АӨК негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 973 590,8 млн.теңгені құрады (НКИ – 118,8%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 708 099,6 млн. теңге (НКИ – 127,7%), мал шаруашылығы – 264 228,7 млн. теңге (НКИ – 100,3%).

Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 844,3 мың теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас деңгейге 107,3% - ды құрады.

Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- қазан кезеңіне 82,4 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 85,7%- ды құрады.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- қазан кезеңіне 18,5 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2,7 есе жоғары.2022 жылдың қаңтар-тамыз кезеңіне ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 250,4 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 110,5% - ды құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 28,9% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -115,1 мың адам).

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңіне ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 28,6% өсуімен орташа жалақы 217,3 мың теңгені құрады (2022 жылғы 3 – тоқсанда – 37,1%-ға өсуімен 269,4 мың теңге).

 

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау

2022 жылға АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 52,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:    

-Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,5 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ  қолжетімділігін арттыруға – 10551,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге, ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға - 289,6 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялауға- 700,0 млн. теңге).

-Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.

Аталмыш бағыттарды іске асыруға 6,5 млрд.теңге бөлінді.

-Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 20,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 19 285,9 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың  шығындарын субсидиялауға – 997,8 млн. теңге).

  -Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 10,3 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 10 311,0 млн. теңге).

 

Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылы облыс 5252,7 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 4662,6 мың га, майлы дақылдар - 366,7 мың га, жемшөптік дақылдар -206,7 мың га.

Халықты ескере отырып, картопты – 14,5 мың га алаңға және көкөністерді – 2,2 мың га жерге орналастырылды.

 

Егін жинау (жедел мәліметтер бойынша)

Дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды жинау 4662,6 мың га немесе егін жинау алаңның 100%-ында аяқталды (4662,6 мың га), астықтың жалпы түсімі 5455,2 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділік 11,7 ц/га.

Майлы дақылдарды жинау 368,3 мың га алаңда аяқталды немесе жоспарланған алаңның 100,4%-ы (жоспар-366,7 мың га), майлы дақылдардың жалпы түсімі 6,5 ц/га орташа өнімділігімен 240,7 мың тоннаны құрайды.

Картоп жинау 15 мың га аяқталды (103%),  картоптың жалпы түсімі 202,2 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 135,2 ц/га.

Көкөністерді жинау 2,4 мың га алаңда аяқталды немесе жоспардың 105,6%-ында, көкөністердің жалпы түсімі 28,3 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 119,6 ц/га.

 

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2022 жылғы қаңтар - қазан айларында АШТӨ барлығы 64,1 млрд. теңге сомасына 1665  бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

- астық жинау комбайндары – 28,7 млрд. теңге сомасына 282 бірлік;

- тракторлар – 15,7 млрд. теңге сомасына 409 бірлік;

- тұқым септкіштер – 0,3 млрд. теңге сомасына 223 бірлік;

- егіс кешендері – 5,2 млрд. теңге сомасына 83 бірлік;

- өзге де техникалар – 14,2 млрд. теңге сомасына 668 бірлік.

Ағымдағы жылдың астығын жинауға 8,7 мың бірлік астық жинайтын комбайндар қатысты, оның 4,4 мыңы – заманауи  өнімділігі жоғары комбайндар, сонымен бірге 2,5 мың дестелегіш.

 

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 қарашаға жағдай бойынша 477,2 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3%), оның ішінде сиыр басы –234,8 мың бас (100,5%).

Жылқы басы 243,1 мың басты (109,7%), құс – 8 932,8 мың басты (95%) құрады.

Қой мен ешкі басы 605 мың басты (104%), шошқа 75,4 мың басты (80,7%) құрады.

Облыста 154,6 мың тонна (101,2%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 354,4 мың тонна (100,7%), жұмыртқа –616,5 млн.дана (92,8%) өндірілді.

 

Фермаларды құру

Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2022 жылы 4,5 мың басқа сатып алумен 104 ферма құру жоспарланған.

Ағымдағы жылғы 22 қарашағы жағдай бойынша 6 060 басқа 111 ферма құрылды.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында 2022 жылы 2,4 мың басқа 11 ферма құру жоспарланған, бұл ретте, 1 118 басқа арналған 10 ферма іске асырылды, 1100 басқа арналған 2 ферма жұмыс істеуде.

 

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

Астана қ. төңірегіндегі азық-түлік белдеуі бойынша 2022 жылға 34,9 млрд. теңгеге (424 жұмыс орнын құрумен) 34инвестициялық жоба жоспарланған, оның ішінде:

- 1 жоба бордақылау алаңын салу бойынша 1,5 млрд. теңге сомасына;

- 8 жоба сүтті мал шаруашылығы бойынша 3,4 млрд. теңге сомасына;

- 6 жоба етті мал шаруашылығы бойынша 1,2 млрд. теңге сомасына;

- 2 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3,9 млрд. теңге сомасына;

- 8 жоба астық қоймаларын салу бойынша 3,3 млрд. теңге сомасына;

- 1 жоба көкөніс қоймаларын салу бойынша 0,4 млрд. теңге сомасына;

- 7 жоба егістікті суару бойынша 4 млрд. теңге сомасына;

- 1 жоба құс шаруашылығын дамыту бойынша 17,2 млрд. теңге сомасына.

  

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет    өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2022 жылдың қаңтар- қазан ішінде 147,3 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 52,4%, сүт – 15,7%, астық өңдеу – 13,5%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3%, өзге салалар – 15,4% алады.

 

Етті қайта өңдеу

Осы кәсіпорындар мен цехтар заттай мәнде 68,4 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7% - ға өсті, шұжық өнімдерінің  өндіріс көлемі 3,2 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,8% - ға ұлғайды.

 

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 68,9 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 16,1% - ға төмендеуі, сары май 1,4 мың тонна, 0,3%- ға төмендеуі, ірімшік және сүзбе – 1 мың тонна, 26,9%- ға төмендеуі, ашымал сүт өнімдері 5,9 мың тонна өндірілді, 10,5% - ға өсті.

 

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 17,2 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға ұлғайды.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 198,4 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,4% - ға ұлғайды.

Дата публикации
22 ноября 2022