Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың
қаңтар-қыркүйек аралығындағы Ақмола облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуы
АӨК негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 861 076,7 млн.теңгені құрады (НКИ – 116,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 621 022,5 млн. теңге (НКИ – 124,6%), мал шаруашылығы – 238 957,0 млн. теңге (НКИ – 100,4%).
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 48,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
-Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,5 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ қолжетімділігін арттыруға – 10551,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге, ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға - 289,6 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялауға- 700,0 млн. теңге).
-Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.
Аталмыш бағыттарды іске асыруға 6,5 млрд.теңге бөлінді.
-Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 17,2 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 16 544,4 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге).
-Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8,9 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8 811,0 млн. теңге).
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс 5251,8 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 4661,8 мың га, майлы дақылдар - 366,7 мың га, жемшөптік дақылдар -206,7 мың га.
Халықты ескере отырып, картопты – 14,5 мың га алаңға және көкөністерді – 2,2 мың га жерге орналастырылды.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2022 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында АШТӨ барлығы 56,4 млрд. теңге сомасына 1469 бірлік техника сатып алды (2021 жылдың 9 айында - 53,1 млрд. теңгеге 1890 бірлік техника), оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 24,6 млрд. теңге сомасына 246 бірлік;
- тракторлар – 14,2 млрд. теңге сомасына 372 бірлік;
- тұқым септкіштер – 0,3 млрд. теңге сомасына 205 бірлік;
- егіс кешендері – 4,9 млрд. теңге сомасына 80 бірлік;
- өзге де техникалар – 12,4 млрд. теңге сомасына 566 бірлік.
Ағымдағы жылдың астығын жинауға 8,7 мың бірлік астық жинайтын комбайндар қатысады, оның 4,4 мыңы – заманауи өнімділігі жоғары комбайндар, сонымен бірге 2,5 мың дестелегіш.
Мал шаруашылығы
Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 482,5 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 100,8%), оның ішінде сиыр басы –234,4 мың бас (100,6%).
Жылқы басы 245,7 мың басты (109,6%), құс – 8 588,0 мың басты (91,4%) құрады.
Қой мен ешкі басы 621,8 мың басты (104,0%), шошқа 78,2 мың басты (82,0%) құрады.
Облыста 140,4 мың тонна (101,3%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 324,8 мың тонна (100,7%), жұмыртқа –555,4 млн.дана (92,6%) өндірілді.
Фермаларды құру
Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2022 жылы 4,5 мың басқа сатып алумен 104 ферма құру жоспарланған.
Ағымдағы жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша 5 579 басқа 99 ферма құрылды, 360 басқа арналған 4 ферма жұмыс істеуде.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында 2022 жылы 2,4 мың басқа 11 ферма құру жоспарланған, бұл ретте, 865 басқа арналған 8 ферма іске асырылды, 1280 басқа арналған 4 ферма жұмыс істеуде.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру
Астана қ. төңірегіндегі азық-түлік белдеуі бойынша 2022 жылға 39,8 млрд. теңгеге (484 жұмыс орнын құрумен) 36 инвестициялық жоба жоспарланған, оның ішінде:
- 1 жоба бордақылау алаңын салу бойынша 1,5 млрд. теңге сомасына.
- 9 жоба сүтті мал шаруашылығы бойынша 6,9 млрд. теңге сомасына.
- 6 жоба етті мал шаруашылығы бойынша 1,2 млрд. теңге сомасына.
-2 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3,9 млрд. теңге сомасына.
- 8 жоба астық қоймаларын салу бойынша 3,3 млрд. теңге сомасына.
- 1 жоба көкөніс қоймаларын салу бойынша 0,4 млрд. теңге сомасына.
- 8 жоба егістікті суару бойынша 5,4 млрд. теңге сомасына.
- 1 жоба құс шаруашылығын дамыту бойынша 17,2 млрд. теңге сомасына.
Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2022 жылдың қаңтар- қыркүйек ішінде 130,9 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 99,7% (қыркүйек айындағы статистикалық деректер – а.ж.20 қазанынан кейін).
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 52,0%, сүт – 15,0%, астық өңдеу – 13,0%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,0%, өзге салалар–18,0% алады.
Осы кәсіпорындар мен цехтар заттай мәнде 61,2 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% - ға өсті, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 2,8 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% - ға ұлғайды.
Сүтті қайта өңдеу
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 61,5 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 25,1% - ға төмендеуі, сары май 1,3 мың тонна, 3,8%- ға төмендеуі, ірімшік және сүзбе – 0,9 мың тонна, 33,8%- ға төмендеуі, ашымал сүт өнімдері 5,3 мың тонна өндірілді, 10,7% - ға өсті.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 14,5 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға ұлғайды.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 177,9 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,3% - ға ұлғайды.
Астана қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту
Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімі (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы өнімі (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).
Астана қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталықтарына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерінің желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізуде.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана нарығына (22.10.2022 ж.жағдай бойынша) 98,8 мың тонна сүт өнімдерін (2021 жылға қарағанда 0,5% - ға өсті), 22 мың тонна ет және ет өнімдерін (1,0% - ға өсті), 193 млн. дана жұмыртқа (9,2% - ға төмендеді) жеткізді.