Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

 Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың

қаңтар-тамыз аралығындағы Ақмола облысының

әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

АӨК негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 365 705 млн.теңгені құрады (НКИ – 108,3%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 154 984,9 млн. теңге (НКИ – 123,6%), мал шаруашылығы – 210 351,1 млн. теңге (НКИ – 100,5%).

  • Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
  • 2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 330 мың теңгені немесе 2021 жылғы деңгейге 110,7% - ды құрады.
  • Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- тамыз кезеңіне 60,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 85%- ды құрады (ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалатын шығындарды азайту есебінен көрсеткішті төмендету).
  • Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- тамыз кезеңіне 16,3 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 3,4 есе жоғары.
  • 2022 жылдың қаңтар-шілде кезеңіне ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 225,8 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 109,8% - ды құрады.
  • Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 28,9% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -115,1 мың адам).
  • 2022 жылдың қаңтар-маусым кезеңіне ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 22,2% өсуімен орташа жалақы 187,4 мың теңгені құрады  (2021 жылғы  2 – тоқсанда –  21,3%-ға   өсуімен  216 мың  теңге).
  •  
  • Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау

 

      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 48,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:    

       -Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,5 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ  қолжетімділігін арттыруға – 10551,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге, ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға - 289,6 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялауға- 700,0 млн. теңге).

-Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.

Аталмыш бағыттарды іске асыруға 6,5 млрд.теңге бөлінді.

-Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 17,2 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 16 544,4 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың  шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге).

  -Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8,9 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8 811,0 млн. теңге).

 

Өсімдік шаруашылығы

   Ағымдағы жылы облыс 5251,8 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 4661,8 мың га, майлы дақылдар - 366,5 мың га, жемшөптік дақылдар -206,7 мың га.

         Халықты ескере отырып, картопты – 14,5 мың га алаңға және көкөністерді – 2,2 мың га жерге орналастырылды.

 

Егін жинау

        20.09.2022 жылғы жағдай бойынша дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 4024,5 мың га немесе жинау алаңының 86,5%-ында (4651,4 мың га) бастырылды, 11 ц/га орташа өнімділігімен 4426,9 мың тонна астық жиналды.

            Майлы дақылдарды жинау 40,8 мың га алаңда жүргізілді немесе жоспарланған алаңның 11,1%-ы (жоспар - 366,5 мың га). Майлы дақылдардың жалпы түсімі 25,8 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 6,3 ц/га.

        Картоп жинау 10,7 мың га алаңда жүргізілді немесе жоспарланған алаңның 73,5%-ы (жоспар - 14,5 мың га). Картоптың жалпы түсімі 134,9 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 126,4 ц/га.

          Көкөністерді жинау 1,4 мың га алаңда жүргізілді немесе жоспарланған алаңның 64,3%-ы (жоспар - 2,2 мың га). Көкөністердің жалпы түсімі 16,9 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі  117,7 ц/га.

 

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2022 жылғы қаңтар- тамыз айларында АШТӨ барлығы 46,3 млрд. теңге сомасына 1232  бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

- астық жинау комбайндары – 18,7 млрд. теңге сомасына 196 бірлік;

- тракторлар – 12,6 млрд. теңге сомасына 312 бірлік;

- тұқым септкіштер – 0,3 млрд. теңге сомасына 184 бірлік;

- егіс кешендері – 4,6 млрд. теңге сомасына 75 бірлік;

- өзге де техникалар – 10,1 млрд. теңге сомасына 465 бірлік.

      Ағымдағы жылдың астығын жинауға 8,7 мың бірлік астық жинайтын комбайндар қатысады, оның 4,4 мыңы – заманауи  өнімділігі жоғары комбайндар, сонымен бірге 2,5 мың дестелегіш.

                   

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 491,9 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,2%), оның ішінде сиыр басы –234,5 мың бас (100,1%).

Жылқы басы 248,9 мың басты (109,2%), құс – 8 878,3 мың басты (91,8%) құрады.

Қой мен ешкі басы 639 мың басты (103,9%), шошқа 81,9 мың басты (82,8%) құрады.

Облыста 125,3 мың тонна (101,6%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 285,8 мың тонна (100,6%), жұмыртқа –496,9 млн.дана (92,6%) өндірілді.

  •  

Фермаларды құру

       Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2022 жылы 4,5 мың басқа сатып алумен 104 ферма құру жоспарланған.

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша 3 867  басқа 63 ферма, 388 басқа арналған 6 ферма жұмыс істеуде.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында 2022 жылы 2,4 мың басқа 11 ферма құру жоспарланған, бұл ретте, 105 басқа арналған  2 ферма іске асырылды, 1664 басқа арналған 8  ферма жұмыс істеуде.

 

 

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

  • Астана қ. төңірегіндегі азық-түлік белдеуі бойынша 2022 жылға 39,8 млрд. теңгеге (484 жұмыс орнын құрумен) 36 инвестициялық жоба жоспарланған, оның ішінде:
  • - 1 жоба бордақылау алаңын салу бойынша 1,5 млрд. теңге сомасына.
  • - 9 жоба сүтті мал шаруашылығы бойынша 6,9 млрд. теңге сомасына.
  • - 6 жоба етті мал шаруашылығы бойынша 1,2 млрд. теңге сомасына.
  • - 2 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3,9 млрд. теңге сомасына.
  • - 8 жоба астық қоймаларын салу бойынша 3,3 млрд. теңге сомасына.
  • - 1 жоба көкөніс қоймаларын салу бойынша 0,4 млрд. теңге сомасына.
  • - 8 жоба егістікті суару бойынша 5,4 млрд. теңге сомасына.
  • - 1 жоба құс шаруашылығын дамыту бойынша 17,2 млрд. теңге сомасына.
  •  
  • Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2022 жылдың қаңтар-тамыз ішінде 113,2 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді (2021 жылдың ұқсас кезеңіне 0,9% - ға төмендеу).

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 52%, сүт – 15%, астық өңдеу – 13%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3%, өзге салалар–17% алады.

  •  
  • Етті қайта өңдеу

Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 53,9 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% - ға өсті, шұжық өнімдерінің  өндіріс көлемі 2,4 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9% - ға ұлғайды.

Сүтті қайта өңдеу

  • Өңделген сүт өндірісінің көлемі 54,6 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 25,4% - ға төмендеуі, сары май 1,1 мың тонна, 6,2%- ға төмендеуі, ірімшік және сүзбе – 0,7 мың тонна, 34,1%- ға төмендеуі, ашымал сүт өнімдері 4,8 мың тонна өндірілді, 9,9% - ға өсті.
  • Майлы дақылдарды қайта өңдеу

         Өндірілген өсімдік майының көлемі 12 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға төмендеуі.

Ұн өндіру

      Ұсақ тартылған ұн 156,3 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,5% - ға ұлғайды.

    

Дата публикации
22 сентября 2022