Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың

қаңтар-шілде аралығындағы Ақмола облысының

әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

АӨК негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың қаңтар- шілде аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 190 249,9 млн.теңгені құрады (НКИ – 100,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 6798,8 млн. теңге (НКИ – 99,2%), мал шаруашылығы – 183 340 млн. теңге (НКИ – 100,6%).

  • Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
  • 2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 330 мың теңгені немесе 2021 жылғы деңгейге 110,7% - ды құрады.
  • Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- шілде 48,8 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 76,3%- ды құрады.
  • Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- шілде 13,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 3,1 есе артық құрады.
  • 2022 жылдың қаңтар-маусым ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 212,4 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы деңгейге 113,8% - ды құрады.
  • Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 28,9% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -115,1 мың адам).
  • 2022 жылдың қаңтар-маусым ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 187,4 мың теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 22,2% - ға артты (2022 жылғы 2 – тоқсанда - 21,3% өсіммен 216 мың теңге).
  •  
  • Агроөнеркәсіптік сектордың жай –күйі
  •  

      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 48,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:    

       -Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,5 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ  қолжетімділігін арттыруға – 10551,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге, ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға - 289,6 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялауға- 700,0 млн. теңге).

-Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау.

Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.

Аталған бағыттарды іске асыруға 6,5 млрд.теңге бөлінді.

-Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 17,2 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 16 544,4 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың  шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге).

  -Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8,9 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8 811,0 млн. теңге).

Өсімдік шаруашылығы

 

   Ағымдағы жылы облыс 5251,8 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4661,8 мың га, майлы дақылдар – 366,5 мың га, жемшөп дақылдар -206,7 мың га.

 

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2022 жылғы қаңтар- шілде айларында АШТӨ барлығы 35 млрд. теңге сомасына 1025 бірлік техника сатып алды (2021 жылдың 7 айында - 43,7 млрд. теңгеге 1614 бірлік техника):

- астық жинау комбайндары – 12,3 млрд. теңге сомасына 134 бірлік;

- тракторлар – 10,6 млрд. теңге сомасына 265 бірлік;

- септкіштер – 0,3 млрд. теңге сомасына 184 бірлік;

- егіс кешендері – 4,4 млрд. теңге сомасына 74 бірлік;

- өзге де техникалар – 7,4 млрд. теңге сомасына 368 бірлік.

      Ағымдағы жылдың өнімін жинауға 8,7 мың бірлік астық жинайтын комбайндар қатысады, оның 4,4 мың - қазіргі заманғы өнімділігі жоғары комбайндар, сондай-ақ 2,5 мың дестелегіш.                   

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 498,3 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 100,9%), оның ішінде сиыр басы –235,3 мың бас (99,6%).

Жылқы басы 251,6 мың басты (109%), құс – 9 184,8 мың басты (93%) құрады.

Қой мен ешкі басы 650 мың басты (103,8%), шошқа 84,9 мың басты (84%) құрады.

Облыста 111,6 мың тонна (101,5%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 245,2 мың тонна (100,4%), жұмыртқа –437 млн.дана (94,5%) өндірілді.

  •  

Фермаларды құру

       Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2022 жылы 4,5 мың басқа сатып алумен 104 ферма құру жоспарланған.

Ағымдағы жылғы 19 тамызға жағдай бойынша 3351 басқа 51 ферма құрылды, 416 басқа 7 ферма жұмыс істейді.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында 2022 жылы 2,4 мың басқа 11 ферма құру жоспарланған, бұл ретте, 50 басқа 1 ферма асырылды, 1714 басқа 9 ферма жұмыс істейді.

 

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

  • Нұр-Сұлтан қ. төңірегіндегі азық-түлік белдеуі бойынша 2022 жылға 39,8 млрд. теңгеге (484 жұмыс орнын құрумен) 36 инвестициялық жоба жоспарланған, оның ішінде:
  • - 1 жоба бордақылау алаңын салу бойынша 1,5 млрд. теңге сомасына.
  • - 9 жоба сүтті мал шаруашылығы бойынша 6,9 млрд. теңге сомасына.
  • - 6 жоба етті мал шаруашылығы бойынша 1,2 млрд. теңге сомасына.
  • -2 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3,9 млрд. теңге сомасына.
  • - 8 жоба астық қоймаларын салу бойынша 3,3 млрд. теңге сомасына.
  • - 1 жоба көкөніс қоймаларын салу бойынша 0,4 млрд. теңге сомасына.
  • - 8 жоба егістікті суару бойынша 5,4 млрд. теңге сомасына.
  • - 1 жоба құс шаруашылығын дамыту бойынша 17,2 млрд. теңге сомасына.
  •  
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2022 жылдың қаңтар- шілде ішінде 95,8 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 98,9%- ға ұлғайды.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 53%, сүт – 15%, астық өңдеу – 12%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3,0%, өзге салалар–17% алады.

  •  
  • Етті қайта өңдеу

Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 47,1 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8% - ға төмендеуі, шұжық өнімдерінің  өндіріс көлемі 2,1 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7% - ға ұлғайды.

 

Сүтті қайта өңдеу

  • Өңделген сүт өндірісінің көлемі 47,8 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 25,1% - ға төмендеуі, сарымай 879 тонна, 7,1%- ға өсуі, ірімшік және сүзбе - 590 тонна, 38,4%- ға төмендеуі, ашымал сүт өнімдері 4,1 мың тонна өндірілді, 8,1% - ға өсті.
  • Майлы дақылдарды қайта өңдеу

         Өндірілген өсімдік майының көлемі 9,3 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,5%-ға төмендеуі.

Ұн өндіру

      Ұсақ тартылған ұн 133,9 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,2% - ға ұлғайды.

    

 

Нұр-Сұлтан қаласының  төңірегінде  азық-түлік белдеуін дамыту

      Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.

     Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімі (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы өнімі (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).

Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталықтарына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.

      Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерінің желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізуде.      

      Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана нарығына (19.08.2022 ж.жағдай бойынша) 87 мың тонна сүт өнімдерін (2021 жылға қарағанда 0,7% - ға өсті), 18,1 мың тонна ет және ет өнімдерін (2,1% - ға өсті), 151,5 млн. дана жұмыртқа (8,6% - ға төмендеді) жеткізді.

  •  
Дата публикации
24 августа 2022