Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-маусым аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың

қаңтар-маусым аралығындағы Ақмола облысының

әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

АӨК негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың қаңтар- маусым аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 155 133,8 млн.теңгені құрады (НКИ – 100,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1144,2 млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы – 153 930 млн. теңге (НКИ – 100,5%).

  • Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
  • 2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 330 мың теңгені немесе 2021 жылғы деңгейге 110,7% - ды құрады.
  • Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- маусым 41,7 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 72,8%- ды құрады.
  • Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар-маусым 11,4 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 3 есе артық құрады.
  • 2022 жылдың қаңтар-мамыр ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 180 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы деңгейге 108,5% - ды құрады.
  • Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 27% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 392,1 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -105,7 мың адам).
  • 2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 154 мың теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 25,6% - ға артты (2021 жылғы 1 – тоқсанда - 122,6 мың теңге).
  •  
  • Агроөнеркәсіптік сектордың жай –күйі
  •  

      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 48,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:    

       -Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,5 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ  қолжетімділігін арттыруға – 10551,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге, ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға - 289,6 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялауға- 700,0 млн. теңге).

-Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау - 6,5 млрд.теңге.

Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.

-Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 17,2 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 16 544,4 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың  шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге).

  -Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8,6 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8 811,0 млн. теңге).

Өсімдік шаруашылығы

   Ағымдағы жылы облыс 5096,6 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4609,1 мың га, майлы дақылдар - 282,8 мың га, жемшөп дақылдар -184,6 мың га.

         Халықты ескере отырып, картопты – 17,4 мың га алаңға және көкөністерді – 2,7 мың га жерге орналастырылды.

 

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2022 жылғы қаңтар- маусым айларында АШТӨ барлығы 28,3 млрд. теңге сомасына 887 бірлік техника сатып алды:

- астық жинау комбайндары – 9 млрд. теңге сомасына 99 бірлік;

- тракторлар – 9,7 млрд. теңге сомасына 235 бірлік;

- септкіштер – 276,5 млн. теңге сомасына 183 бірлік;

- егіс кешендері – 4,3 млрд. теңге сомасына 72 бірлік;

- өзге де техникалар – 5 млрд. теңге сомасына 298 бірлік.

     Биылғы егіс науқанына шамамен 14,8 мың трактор, 16,4 мың тұқым сепкіш және 1,4 мың өнімділігі жоғары егіс кешені қатысты.

                   

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 шілдегіне жағдай бойынша 548,6 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,8%), оның ішінде сиыр басы –233,3 мың бас (100,3%).

Жылқы басы 266,5 мың басты (107,3%), құс – 9 371,9 мың басты (96,2%) құрады.

Қой мен ешкі басы 750,5 мың басты (103,3%), шошқа 118,9 мың басты (93,2%) құрады.

Облыста 96,6 мың тонна (100,5%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 197,6 мың тонна (100,6%), жұмыртқа –367,9 млн.дана (97,3%) өндірілді.

  •  

Фермаларды құру

       Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2022 жылы 4,5 мың басқа сатып алумен 104 ферма құру жоспарланған.

Ағымдағы жылғы 22 шілдегіне жағдай бойынша 2199 басқа 33 ферма құрылды (Ақкөл - 205 басқа 4 ферма, Аршалы - 62 басқа 1 ферма, Астрахан - 238 басқа 3 ферма, Атбасар - 150 басқа 3 ферма, Біржан сал - 260 басқа 3 ферма,Бұланды - 79 басқа 3 ферма, Ерейментау - 477 басқа 3 ферма, Егіндікөл - 157 басқа 3 ферма, Жақсы - 200 басқа 4 ферма Жарқайын - 98 басқа 3 ферма, , Қорғалжын - 25 басқа 1 ферма, Степногорск қ. - 248 басқа 2 ферма), 736 басқа 13 ферма жұмыс істейді.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында 2022 жылы 2,4 мың басқа 11 ферма құру жоспарланған, бұл ретте, 50 басқа 1 ферма асырылды, 1714 басқа 9 ферма жұмыс істейді.

Тұқымдық түрлендіру

         2022 жылы тұқымдық түрлендірумен 60 мың бас немесе аналық мал басының жалпы санының 26,3% жоспарланған.

         Қазіргі уақытта іс-шаралармен 32,2 мың бас немесе жоспардың 54,8% қамтылған.

 

  •  
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2022 жылдың қаңтар-маусым ішінде 80,2 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 4,8%- ға ұлғайды.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 53%, сүт – 14%, астық өңдеу – 13%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2%, өзге салалар–18% алады.

  •  
  • Етті қайта өңдеу

Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 39,9 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6% - ға төмендеуі, шұжық өнімдерінің  өндіріс көлемі 1,8 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8% - ға ұлғайды.

Ет өңдеуші кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен 85,4% - ды құрады (2021 жылы – 86,0%).

Сүтті қайта өңдеу

  • Өңделген сүт өндірісінің көлемі 41 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 21,4% - ға төмендеуі, сарымай 759 тонна, 3,3%- ға өсуі, ірімшік және сүзбе - 452 тонна, 42,4%- ға төмендеуі, ашымал сүт өнімдері 3,5 мың тонна өндірілді, 6% - ға өсті.
  • Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен 59,9% - ды құрады (2021 жылы – 76,2%).
  • Майлы дақылдарды қайта өңдеу

         Өндірілген өсімдік майының көлемі 7,8 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,1%-ға төмендеуі.

         Майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының  қуаттылықтар жүктелімі орта есеппен 31,7% – ды құрады (2021 жылы – 48,1%).

Ұн өндіру

      Ұсақ тартылған ұн 117,9 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,7% - ға ұлғайды.

     Ұн өндірісі бойынша кәсіпорындардың жүктелімі 29,7% -ды құрады (2021 жылы  – 18,4%).

Нұр-Сұлтан қаласының  төңірегінде  азық-түлік белдеуін дамыту

          Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.

     Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімі (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы өнімі (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).

Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталықтарына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерінің желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізуде.      

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана нарығына (22.07.2022 ж.жағдай бойынша) 69,8 мың тонна сүт өнімдерін (2021 жылға қарағанда 0,6% - ға өсті), 14,7 мың тонна ет және ет өнімдерін (2,9% - ға өсті), 130,5 млн. дана жұмыртқа (3% - ға төмендеді) жеткізді.

  •  
Дата публикации
25 июля 2022