Бурабай ауданы Щучинск қаласы елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Бурабай ауданы

Щучинск қаласы елді мекенінің

шекарасын (шегін) өзгерту туралы

          Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданы Щучинск қаласының шекарасы (шегі) қор жерінен шекараға (шегіне) 283,7 гектарды қосып және елді мекен жерінен 25,74 гектарды алып тастап өзгертілсін.
  2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облысының әкімі                                                          Е. Маржықпаев

 Ақмола облыстық

мәслихатының хатшысы,

сессия төрағасы                                                                              Т. Жүнісов

 

 

Дата публикации
20 июня 2022