Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша қызмет көрсету тәртібі

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша қызмет көрсету тәртібі

 

  1. Субсидиялау Gosagto.kz веб порталында жүзеге асырылады
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыну үшін Қолдау ИАЖ дербес тіркеу үшін ЭЦҚ болуы қажет. «Субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі» ақпараттық сервисіне қолжетімділік: субсидиялау субъектілеріне - ақылы негізде және олар Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, Пайдаланушылық келісімге* қол қойған жағдайда беріледі
  3. Қарыз алушының жеке және заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша Ұсыныс беру
  4. Қарыз алушының Ұсынысын қарау үшін қаржы институттарына жіберу
  5. Қаржы институты Жұмыс органына шешім қабылдау үшін кезектілік тәртібімен Ұсыныстар жолдайды
  6. Жұмыс органы Ұсынысты одан әрі мақұлдайды немесе қабылдамайды (10 жұмыс күні ішінде).
  7. Мақұлдау кезінде субсидиялау шарты қалыптастырылады (3 жұмыс күні ішінде)
  8. Қаржы институтының субсидиялауға өтінім беру (3 жұмыс күні ішінде)
  9. Жұмыс органының өтінімді төлеуге қабылдауы (3 жұмыс күні ішінде)
  10. Қаржы институтының шотына субсидия төлеу (3 жұмыс күні ішінде).
Инструкция
Дата публикации
28 июня 2022