Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың
қаңтар-мамыр аралығындағы Ақмола облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуы
АӨК негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың қаңтар- мамыр аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 120 145,4 млн.теңгені құрады (НКИ – 100,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 989,2 млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы – 119 148,1 млн. теңге (НКИ – 100,5%).
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 48,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
-өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,5 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ қолжетімділігін арттыруға – 10551,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге, ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға - 289,6 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялауға- 700,0 млн. теңге).
-мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.
Аталған бағыттарды іске асыруға 6,5 млрд.теңге бөлінді.
-инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 17,2 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 16 544,4 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге).
-қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8,6 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 8 811,0 млн. теңге).
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс 5096,6 мың га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық себуді жүргізді, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4609,1 мың га, майлы дақылдар - 282,8 мың га, жемшөп дақылдар -184,6 мың га.
Халықты ескере отырып, картопты – 17,4 мың га алаңға және көкөністерді – 2,7 мың га жерге орналастырылды.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2022 жылғы қаңтар- мамыр айларында АШТӨ барлығы 20,6 млрд. теңге сомасына 727 бірлік техника сатып алды:
- астық жинау комбайндары – 6,8 млрд. теңге сомасына 71 бірлік;
- тракторлар – 6,4 млрд. теңге сомасына 174 бірлік;
- септкіштер – 254,3 млн. теңге сомасына 174 бірлік;
- егіс кешендері – 3,4 млрд. теңге сомасына 65 бірлік;
- өзге де техникалар – 3,7 млрд. теңге сомасына 243 бірлік.
Биылғы егіс науқанына шамамен 14,8 мың трактор, 16,4 мың тұқым сепкіш және 1,4 мың өнімділігі жоғары егіс кешені қатысты.
Мал шаруашылығы
Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 553,4 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%), оның ішінде сиыр басы –232 мың бас (100,1%).
Жылқы басы 265,7 мың басты (107%), құс – 9 110,6 мың басты (95,6%) құрады.
Қой мен ешкі басы 767,1 мың басты (103,5%), шошқа 127,9 мың басты (93,2%) құрады.
Облыста 78,5 мың тонна (100,8%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 145,2 мың тонна (100,5%), жұмыртқа –299,4 млн.дана (96,3%) өндірілді.
Фермаларды құру
Етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2022 жылы 4,5 мың басқа сатып алумен 104 ферма құру жоспарланған.
Ағымдағы жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша 1392 басқа 19 ферма құрылды (Ақкөл - 145 басқа 2 ферма, Астрахан - 184 басқа 2 ферма, Бұланды - 79 басқа 3 ферма, Ерейментау - 477 басқа 3 ферма, Жарқайын - 74 басқа 2 ферма, Жақсы - 160 басқа 3 ферма, Қорғалжын - 25 басқа 1 ферма, Степногорск қ. - 248 басқа 2 ферма), 618 басқа 10 ферма жұмыс істейді.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында 2022 жылы 2,4 мың басқа 11 ферма құру жоспарланған, бұл ретте, 8 ферма 1574 бас жұмыс істейді.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру
-5 – АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша 6,6 млрд. теңге сомасына.
-10 - астық қоймалары және картоп сақтау қоймаларын салу бойынша 2,8 млрд. теңге сомасына.
-8- егістікті суару бойынша 5,7 млрд. теңге сомасына.
Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2022 жылдың қаңтар-мамыр ішінде 65,9 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді (немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 0,4%- ға төмендеді).
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 53,2%, сүт – 14,3%, астық өңдеу – 14,2%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3,0%, өзге салалар–15,3% алады.
Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 32,4 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% - ға төмендеуі, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 1,5 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% - ға ұлғайды.
Сүтті қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 6,3 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,7%-ға төмендеуі.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 97,3 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5% - ға ұлғайды.
Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту
Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімі (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы өнімі (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).
Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталықтарына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерінің желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізуде.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана нарығына (17.06.2022 ж.жағдай бойынша) 61,6 мың тонна сүт өнімдерін (2021 жылға қарағанда 1,0% - ға өсті), 13,9 мың тонна ет және ет өнімдерін (1,0% - ға өсті), 105,2 млн. дана жұмыртқа (8,8% - ға төмендеді) жеткізді.