Ақмола облысы әкімдігінің «Бурабай ауданы Щучинск қаласы елді мекенінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы» қаулысының жобасына түсініктеме хат
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығымен 2017 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңге «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы құрылды.
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен Бурабай ауданындағы Щучье көлі жағалауының оңтүстік-шығыс бөлігінде жалпы ауданы 370,0 га жер учаскесінде «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы орналасқан.
Бурабай АЭА Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының бұрын «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұсынған аумақта құрылды, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 808 қаулысымен аудан қорығы жерлерінің құрамына берілді.
«Бурабай» АЭА жабылуына байланысты құрылыстар, ғимараттар алып жатқан жерлердің бір бөлігі (жойылған «Бурабай» АЭА) есебінен Щучинск қаласының шекарасын (шегін) өзгерту қажеттілігі туындады.
ҚР Жер кодексінің 108-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың шекаралары (шегі) облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Ақмола облысы әкімдігінің «Бурабай ауданы Щучинск қаласы елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Осы НҚА-ны қабылдау жеке және заңды тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес объектілер алып жатқан жер учаскелерін ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Елді мекеннің әкімшілік шекарасын белгілеу жер ресурстарын басқаруды сапалы жақсартуға мүмкіндік береді, олардың аумақтарын пайдалану мен дамытуды жоспарлауды қамтамасыз етеді, салық салудың, жалдау төлемдерінің, сондай-ақ жерді сатудан түскен түсімдердің тиімділігін арттырады, жер учаскелерінің мемлекеттік есебін жақсартады.