2022 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

2022 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің,биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

 

 «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 78-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бекітілсін:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері.

  1. Мыналардың:

1) «Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің    2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/177 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 болып тіркелген);

2) «Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың)

тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № А-10/517 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24861 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  1. «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары
Дата публикации
09 июня 2022