Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу

2022 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын түсіндіру бойынша техникалық оқу өткізілді.

2022 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген" асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын түсіндіру бойынша техникалық оқу өткізілді.

2022 жылғы 23 ақпанда Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерінің қатысуымен азамат Т.Сүлейменовтың шағымын қарау үшін шығу жүргізілді.

Кездесу барысында мал шаруашылығы саласына субсидия алу тәртібі туралы түсініктемелер берілді.

Құжаттар Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болады

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу
Дата публикации
25 февраля 2022