|
Қатысушылардың (пайшылардың) шаруашылық серіктестіктерінің құрамынан шығу алгоритмі
|
|
|
ҚР Жер кодексінің 101-бабына сәйкес-шаруашылық серіктестіктердің қатысушылары немесе өндірістік кооператив мүшелері болып табылатын азаматтар қатысушылар құрамынан шыққан кезде ауыл шаруашылығы ұйымына өтініш беруі тиіс.
|
|
|
|
|
|
Серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысын атқарушы орган жарғыда белгіленген мерзімде шақырады және жылына кемінде бір рет өткізеді. ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын серіктестіктің атқарушы органы өз бастамасы бойынша шақырады. |
|
Серіктестіктің әрбір қатысушысы жиналыс ашылғанға дейін кемінде 30 күн бұрын оны өткізу туралы жазбаша түрде хабардар етілуге тиіс. Хабарламада жиналыстың өткізілетін уақыты, орны, күні, ұсынылып отырған күн тәртібі көрсетілуге тиіс. |
|
Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының регламенті Заңға, серіктестіктің жарғысына, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ережелерге және өзге де құжаттарға не тікелей жалпы жиналысқа сәйкес айқындалады. |
|
Заңның 47-бабына сәйкес серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, егер оған қатысып отырғандар немесе оған өкілдік алған қатысушылар жиынтығында жалпы дауыс санының жартысынан астамын иеленсе, заңды, ал кворум шарттары сақталған болып танылады. Күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша шешім басым көпшілік дауыспен немесе бірауыздан қабылдануға тиіс жағдайларда, егер серіктестікке қатысушылардың оған қатысып отырғандары немесе оған өкілдік алғандар жиынтығында жалпы дауыс санының 2/3 астамын иеленсе, жиналыстың шешім қабылдауға құқығы бар. |
|
Қатысушылардың жалпы жиналысын атқарушы органның бірінші басшысы ашады, жалпы жиналыстың төрағалық етушісі мен хатшысын сайлауды өткізеді. Хатшысы жалпы жиналыстың хаттамасын жүргізуге жауап береді және жалпы жиналыс. Хаттамаға жалпы жиналыстың төрағалық етушісі мен хатшысы қол қояды. Барлық жалпы жиналыстардың хаттамалары атқарушы органда сақталатын және серіктестіктің кез келген қатысушысына танысу үшін кез келген уақытта берілуге тиіс хаттамалар кітабына тігіледі. ЖШС қатысушыларының талабы бойынша оларға хаттамалар кітабынан куәландырылған көшірмелер беріледі. |
Заңның 48 бабына сәйкес - егер серіктестік жарғысында жасырын дауыс беру көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Жалпы жиналыстың шешімдері дауыстардың жалпы санының кемінде 1/5-іне ие серіктестікке қатысушылар талап еткен кезде жасырын дауыс беру арқылы қабылдануға тиіс.
|
Шаруашылық серіктестігінің құрамынан шыққаннан және жер учаскесін қоса алғанда, үлес немесе пай бөліп шығарылғаннан кейін азаматтар жалпы жиналыс хаттамасының негізінде басқа шаруашылық серіктестігінің құрамына кіруге не шаруа немесе фермер қожалығын ұйымдастыруға құқылы |