Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың
қаңтар аралығындағы Ақмола облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуы
Экономика
2022 жылдың қаңтар аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 19 592,5 млн.теңгені құрады (НКИ – 100,7%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 201,7 млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы – 19 389,6 млн. теңге (НКИ – 100,7%).
-өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 12,1 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ қолжетімділігін арттыруға – 8151,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге).
-мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.
Аталған бағыттарды іске асыруға 4,7 млрд.теңге бөлінді.
-инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 10,8 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 10653,7 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 197,8 млн. теңге, қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру – 296,6 млн. теңге).
-қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 4,3 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 4279,8 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2022 жылғы қаңтар айларында АШТӨ барлығы 5,7 млрд. теңге сомасына 161 бірлік техника сатып алды:
- астық жинау комбайндары – 3,3 млрд. теңге сомасына 36 бірлік;
- тракторлар – 1,4 млрд. теңге сомасына 34 бірлік;
- тұқым септкіштер – 0,04 млрд. теңге сомасына 36 бірлік;
- егіс кешендері – 0,4 млрд. теңге сомасына 13 бірлік;
- өзге де техникалар – 0,6 млрд. теңге сомасына 42 бірлік.
Биылғы егіс науқанына шамамен 14,8 мың трактор, 16,4 мың тұқым сепкіш және 1,4 мың өнімділігі жоғары егіс кешені қатысатын болады. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 90% құрайды.
Мал шаруашылығы
Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 ақпан жағдай бойынша 478,3 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,4%), оның ішінде сиыр басы –227,1 мың бас (101%).
Жылқы басы 228,1 мың басты (107,4%), құс – 9 306,5 мың басты (100,9%) құрады.
Қой мен ешкі басы 595,6 мың басты (105,1%), шошқа 94,2 мың басты (94,3%) құрады.
Облыста 15,3 мың тонна (101,6%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 16,0 мың тонна (99,3%), жұмыртқа –59,7 млн.дана (108,9%) өндірілді.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру
Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2022 жылдың қаңтар ішінде 10,7 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 105,5%.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 56%, сүт – 17%, астық өңдеу – 8%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 4%, өзге салалар–15% алады.
Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 6,2 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% - ға ұлғайды, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 216 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% - ға ұлғайды.
Ет өңдеуші кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен 85,7% - ды құрады (2021 жылы – 75,2%).
Сүтті қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 1,5 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға төмендеуі.
Майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтар жүктелімі орта есеппен 37,8% – ды құрады (2021 жылы 43,5%).
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 9,7 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,8% - ға төмендеуі.
Ұн өндірісі бойынша кәсіпорындардың жүктелімі 14,7% -ды құрады (2021 жылы – 10,4%).
Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту
Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімі (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы өнімі (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).
Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталықтарына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерінің желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізуде.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана нарығына (18.02.2022 ж.жағдай бойынша) 2,6 мың тонна сүт өнімдерін (2021 жылға қарағанда 3,7% - ға өсті), 1,8 мың тонна ет және ет өнімдерін (4,4% - ға өсті), 16,7 млн. дана жұмыртқа (13,3% - ға төмендеді) жеткізді.