«Ақмола облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер
учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу туралы»
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 6 шілдедегі № а-7/243
қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі
№ 3С-28-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігі және облыстық мәслихаты бірлескен шешімінің жобасына баспасөз-релизі
«Ақмола облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2007 жылғы 6 шілдедегі № а-7/243 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі № 3С-28-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігі және облыстық мәслихаты бірлескен шешімінің жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қосшы ауылына Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 26 шілдедегі № 629 Жарлығымен Қосшы ауылына облыс маңызы бар қала санатына жатқызғанына байланысты, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әзірленген.
Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.
Жоба https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=13993189 мекенжай бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.