Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2021 жылдың
қаңтар-қазан аралығындағы Ақмола облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуы
Экономика
2021 жылдың қаңтар - қазан аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 682 219,8 млн.теңгені құрады (НКИ – 89,1%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 467 940,6 млн. теңге (НКИ – 80,4%), мал шаруашылығы – 213 763,3 млн. теңге (НКИ – 112,5%).
-өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,2 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ қолжетімділігін арттыруға – 9 757,5 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 4 171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға – 1 290,0 млн. теңге).
-мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: асыл тұқымды мал шаруашылығын, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын субсидиялау 2021 жылы көрсетілген бағдарламалардың іске асыруына 5,4 млрд. теңге бөлінді.
-инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 15,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 14324,0 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге, қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру – 296,6 млн. теңге).
-қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 5,8 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 83,8 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 5699,4 млн. теңге).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға 60,0 млн. теңге бөлінді (микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру – 50,0 млн. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау-10,0 млн. теңге).
Өсімдік шаруашылығы
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау 4,5 млн. га алаңда аяқталды немесе жоспарланған алаңның 100% (жоспар - 4,5 млн. га), астықтың жалпы түсімі 4,0 млн. тоннаны құрайды, орташа өнімділік 8,8 ц/га.
Майлы дақылдарды жинау 265,1 мың га алаңда аяқталды немесе жоспарланған алаңның 100% (жоспар-265,1 мың га), май тұқымдарын жалпы түсімі 5,1 ц/га орташа өнімділігімен 135,2 мың тоннаны құрайды.
Жем-шөп дақылдарын жинау 191,4 мың га алаңда аяқталды немесе жоспарланған алаңның 100% (жоспар - 191,4 мың га), 11,7 ц/га орташа т өнімділігімен 224,4 мың тонна дайындалды.
Картоп жинау 20,6 мың га немесе жоспарланған алаңның 100% аяқталды (жоспар - 20,6 мың га). Картоптың жалпы түсімі 219,5 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділігі 106,2 ц/га.
Көкөністерді жинау 3,5 мың га алаңда аяқталды немесе жоспардан 100% (жоспар - 3,5 мың га), көкөністерді жалпы түсімі 35,4 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділік 100,8 ц/га.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2021 жылғы қаңтар - қазан айларында АШТӨ барлығы 57,9 млрд. теңге сомасына 2009 бірлік техника сатып алды:
- астық жинау комбайндары – 20,3 млрд. теңге сомасына 309 бірлік;
- тракторлар – 17,0 млрд. теңге сомасына 411 бірлік;
- тұқым септкіштер – 0,4 млрд. теңге сомасына 235 бірлік;
- егіс кешендері – 6,7 млрд. теңге сомасына 103 бірлік;
- өзге де техникалар – 13,5 млрд. теңге сомасына 951 бірлік.
Егін жинауға 8,5 мың астық жинайтын комбайн (оның ішінде өнімділігі жоғары комбайндар – 4,0 мың), тракторлар - 14,5 мың, жүк автомобильдері – 5,0 мың, сондай-ақ 2,5 мың дестелегіш тартылған.
Мал шаруашылығы
Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2021 жылғы 1 қарашаға жағдай бойынша 470,9 мың басты құрайды (2020 жылдың сәйкес кезеңіне 101,2%), оның ішінде сиыр басы –233,5 мың бас (102,8%).
Жылқы басы 221,7 мың басты (108,8%), құс – 9 405,3 мың басты (123,1%) құрады.
Қой мен ешкі басы 581,7 мың басты (104,7%), шошқа 93,4 мың басты (89,5%) құрады.
Облыста 152,8 мың тонна (128,7%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 352 мың тонна (100,4%), жұмыртқа –664,6 млн.дана (96%) өндірілді.
Фермаларды құру
Етті мал шаруашылығын одан әрі дамыту шеңберінде 2021 жылы облыста 5,9 мың бас етті ірі қара мал сатып ала отырып, 112 ферма құру бойынша жол картасы әзірленді.
Бүгінгі таңда 5,3 мың басқа 102 ферма құрылды (Ақкөл - 336 басқа 7 ферма, Аршалы - 103 басқа 4 ферма, Атбасар - 305 басқа 9 ферма, Астрахан - 712 басқа 8 ферма, Бурабай – 247 басқа 7 ферма, Біржан сал ауданы - 320 басқа 6 ферма, Бұланды - 131 басқа 3 ферма, Ерейментау - 536 басқа 6 ферма, Егіндікөл - 150 басқа 3 ферма, Есіл - 6 фермаға 300 бас, Жарқайың - 260 басқа 7 ферма, Жақсы - 301 басқа 6 ферма, Зеренді - 98 басқа 3 ферма, Қорғалжын - 436 басқа 9 ферма, Сандықтау - 555 басқа 10 ферма, Шортанды-200 басқа 2 ферма, Целиноград - 105 басқа 2 ферма, Степногорск қ. - 203 басқа 4 ферма), 511 басқа 6 ферма жұмыс істейді.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту аясында ағымдағы жылы 4,1 мың бас сатып алумен 19 СТФ құру жоспарланған, бұл ретте 2 129 басқа 17 ферма құрылды (Астрахан - 450 басқа 2 фермасы, Аршалы - қолданыстағы ферманы 33 басқа кеңейту, Ақкөл - 40 басқа 1 ферма, Атбасар - 300 басқа 1 ферма, Біржан сал ауданы - 210 басқа 2 ферма, Бурабай - 388 басқа 3 ферма, Есіл - 50 басқа 1 ферма, Жақсы - 50 басқа 1 ферма, Зеренді-90 басқа 1 ферма, Қорғалжын - 50 басқа 1 ферма, Сандықтау - 100 басқа 1 ферма, Целиноград - 275 басқа 1 ферма, Шортанды - 93 басқа 1 ферма), 5 ферма 1 583 бас жұмыс істейді.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру
Нұр-Сұлтан қ.төңірегіндегі азық-түлік белдеуі бойынша 2021 жылы жалпы сомасы 35,6 млрд. теңгеге 46 жоба іске асырылу жоспарлануда, 15 млрд. теңгеге 23 жоба іске асырылған (325 жұмыс орны құрылды):
-11 - сүтті мал шаруашылығы бойынша 7,3 млрд. теңге сомасына (СТФ іске асырылды: Ақкөл ауданында - 400,0 млн. теңге сомасына "Ақкөл АГРО" ЖШС, Атбасар ауданында - 650,0 млн. теңге сомасына "Шуйское XXI" ЖШС, Бурабай ауданында-200,0 млн. теңге сомасына "Шиелі АГРО" ЖШС, Біржан сал ауданында-100,0 млн. теңге сомасына "Сарфир beef" ЖШС іске асырылды, Сандықтау ауданында-200,0 млн. теңге сомасына "СХП Байдалы" ЖШС);
-12 – етті мал шаруашылығы бойынша 1,2 млрд. теңге сомасына (8 ет фермасы асырылды: Ақкөл ауданында - 85,0 млн. теңге сомасына "К и Бим" ЖШС, Бұланды ауданында - 25,3 млн. теңгеге "Конай" ШҚ, 12,0 млн. теңгеге "Бокетай Еркінбек" ШҚ, 6,5 млн. теңгеге "Манав" ШҚ, 40,0 млн. теңгеге Зеренді "Бекас" ЖШС, 30,0 млн. теңгеге Сандықтау "Ақ жол 2014" ӘКК млн. теңге, Ерейментау ауданында - 111,8 млн. теңге сомасына "Серноводск" ЖШС, Жақсы ауданында - 42,0 млн. теңге сомасына "Виктор" ШҚ);
-1 - құс шаруашылығын дамыту бойынша 11,0 млрд. теңге сомасына (Аршалы ауданында 11,0 млрд. теңге сомасына "Ақ-дала Агро" ЖШС құс фабрикасының 1-кезеңі жүзеге асырылды»);
-6 – АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша 6,6 млрд. теңге сомасына (Көкшетау қаласында 60,0 млн. теңге сомасына "Гормолзавод" ЖШС жобасы жүзеге асырылды);
-12 - астық қоймалары мен картоп сақтау қоймаларын салу бойынша 7,8 млрд. теңге сомасына (Атбасар ауданында 300 млн. теңге сомасына "Ирченко Элеватор" ЖШС, 120 млн. теңге сомасына "Аграрное" ЖШС, Есіл ауданында - 797,8 млн. теңге сомасына "Ново-Приречное" ЖШС, Егіндікөл ауданында - 50 млн. теңге сомасына "Ушаково-Агро" ЖШС, Сандықтау ауданында - 285 млн. теңге сомасына "Сандықтау Агро" ЖШС- 5 астық қоймасы іске асырылды, Зеренді ауданында 400 млн. теңге сомасына "Блиц Терминал" ЖШС 1 картоп-көкөніс қоймасы сатылды).
Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын (2018 жылдың наурыз айынан бастап облыстағы ірі сүт зауыттарының бірі Ақкөл ауданындағы "Эко Милк" ЖШС тоқтап тұр, оның үлесі сүт өңдеу кәсіпорындарының жалпы қуатының 20% құрайды. Осыған байланысты ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының тізімінен шығарылды. 2020 жылдың 4 тоқсанында "Гормолзавод" ЖШС-да тәулігіне 50 тоннаға қосымша жаңа цех іске қосылды), өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2021 жылғы 10 ай ішінде 117,1 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 117,7%.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 52,0%, сүт – 18,0%, астық өңдеу – 8,0%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3,0%, өзге салалар–19,0% алады.
Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 68,0 мың тонна ет өндірді, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,0% - ға ұлғайды, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 2,4 мың тоннаны құрады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,5% - ға ұлғайды.
Ет өңдеуші кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен 81,5% - ды құрады (2020 жылы – 75,5%).
Сүтті қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 19,0 мың тоннаны құрады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға төмендеуі ("Агример Астық" ЖШС - тапсырыстардың азаюына байланысты, "Сочинское" ЖШС - шикізаттың жоқтығынан, "Атбасар майы" ЖШС-шикізаттың жоқтығынан, қаржылық қиындықтардан, "Еңбек - 1" ЖШС-өндірісті тоқтатты (қазіргі уақытта өндіру тиімсіз).
Майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтар жүктелімі орта есеппен 46,4% – ды құрады (2020 жылы-56,2%).
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 157,3 мың тонна өндірілді немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8% - ға төмендеуі (шикізаттың (астықтың) жоғары құнына байланысты)).
Ұн өндірісі бойынша кәсіпорындардың жүктелімі 23,8% -ды құрады (2020 жылы – 26,5%).
Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту
Азық-түлік белдеуін дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кіретін 300 шақырымдық аймақ анықталды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, оның ішінде 68 – мал шаруашылығы өнімі (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері), 6 - құс шаруашылығы (құс еті, тағамдық жұмыртқа), 54 - өсімдік шаруашылығы өнімі (ұн, картоп, көкөністер, өсімдік майы).
Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйіне, 10 сауда орталықтарына өз өнімдерін жеткізуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерінің желісі жұмыс істейді, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін өткізуде.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері (2021 жылғы 19 қарашаға жағдай бойынша) елорда нарығына 105,2 мың тонна сүт өнімдерін (2020 жылдың тиісті кезеңіне 0,6% - ға өсті), 25,0 мың тонна ет және ет өнімдерін (0,8% - ға өсті), 224,6 млн.дана жұмыртқа (9,8% - ға төмендеуі) жеткізді.