Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8351 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.