ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

Әкімшілік акт ұғымы және оған сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасау

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - ӘРПК) мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым ӘРПК сәйкес әкімшілік орган деп табылады. 

Әкімшілік акт – бұл қабылдайтын шешім:

- әкімшілік орган мен,

- белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

 Егер әкімшілік рәсім жолданымның негізінде қозғалған болса, әкімшілік акт жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда ғана қабылданады.

Әкімшілік акт жазбаша ғана емес, өзге де нысанда (ауызша сөйлеу, ымдау немесе сигнал беру және т.б.) қабылдануы мүмкін

Өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданған тұлға әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

Шағымды қарап, шағымды қарайтын орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) әкімшілік актінің күшін жою туралы;

2) әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

3) әкімшілік әрекеттің жасалғаны туралы;

4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

5) әкімшілік істі әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалып отырған лауазымды адамға жіберілген бұзушылықтар мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіле отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды;

6) шағымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

Шағым қанағаттандырылмаған жағдайда адам әкімшілік актіге, әкімшілік органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) әкімшілік сотқа шағым жасауға құқылы.

Шағымды қарау мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ
Дата публикации
07 апреля 2021