«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына сәйкес, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 35-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
Басшы Н. Бадырақов
«Ақмола облысының
ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары басқармасы» ММ
басшысының
2026 ж. ____________ №_______
бұйрығымен
бекітілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы "31" желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, басқарма қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ұсынымдарды айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт басқарма қызметкерлеріне олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде қолданылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына және басқарманың ішкі құжаттарына сәйкес сақталуға тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарманың өз функцияларын жүзеге асыруы және Басқарманың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде қолданылады.
Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
2) мүдделер қақтығысының алдын алу;
3) Басқарма қызметіне қоғамның сенімін арттыру;
4) парасаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
5) құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру.
Басқарманың қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары міндетті:
Басқарма қызметкерлері басшылыққа, прокуратура органдарына немесе өзге де уәкілетті органдарға оларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеудің барлық жағдайлары туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Басқарма қызметкерлері ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністері туралы адал хабар бергені үшін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысқаны үшін қудалауға ұшырамауға тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауы және Басқарма құзыреті шегінде олардың қызметін жүзеге асыруы кезінде қолданылады.
Басқарма басшысы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен таныстыруды қамтамасыз етеді және оны іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын бақылауды Басқарма басшысының орынбасарлары берілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың ережелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес еліктеуге жатады.