2026 жылғы қаңтар- мамыр айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуы

  • АӨК негізгі көрсеткіштері
  • 2026 жылғы қаңтар - мамыр айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 174 309,3 млн. теңгені (НКИ - 103,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 1 172,3 млн. теңге (НКИ - 96,1%), мал шаруашылығы - 173 113,1 млн. теңге (НКИ - 103,3%).

 

         2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 35,9 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 163,5% болды.

  •  
  • 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,2 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінің 106,4% болды.
  •  
  • Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
  •  
  • Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,3%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 400,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 85,3 мың адам (2026 жылдың 1-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша).
  •  

Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:

  • - 2026 жылдың І тоқсанында - 334 мың теңге, өсім 23,9% құрады (2025 жылдың І тоқсанында - 269,6 мың теңге).
  •  
  • Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
  • АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2026 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 85,5 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

  • - өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 30,2 млрд. теңге (пестицидтер - 20 629,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 6 000,0 млн. теңге, тұқымдар - 2 288,1 млн. теңге, басым дақылдар - 1 300,0 млн. теңге);
  • -мал шаруашылығын субсидиялауға - 14,0 млрд. теңге;
  • -қаржы құралдары - 39,6 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16 126,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 23 433,5 млн. теңге. су үнемдеу технологиялары - 22,0 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 1,7 млрд. теңге.

Өсімдік шаруашылығы

 Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының жазғы егісін 5,4 млн. га алқапта жүргізуді жоспарлап отыр (+46,4 мың га), оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар - 4,5 млн. га (-184,6 мың га), майлы дақылдар - 715,2 мың га (+219,8 мың га), мал азығы дақылдары - 370,7 мың га (+34,1 мың га), соның ішінде мал азығының жаздық себуі - 166,5 мың га өткен жылғы деңгейде қалды.

Картоп отырғызу 8,6 мың га алқапта (2025 жылғы деңгейде), ал көкөністерді отырғызу - 1,5 мың га алқапта (+100 га) жүргізілетін болады.

  • Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
  • 2026 жылғы қаңтар-мамыр айында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемі 813 бірлікті құрап, жалпы сомасы 39 млрд. теңге болды (2025 жылғы қаңтар-мамыр - 716 бірлік, 25,7 млрд. теңге), оның ішінде:
  • - тракторлар - 12,2 млрд. теңге сомасына 251 бірлік;
  • - астық жинайтын комбайндар - 12,6 млрд. теңге сомасына 90 бірлік;
  • - сепкіш кешендер - 0,4 млрд. теңге сомасына 74 бірлік;
  • - егіс кешені - 4,8 млрд. теңге сомасына 36 бірлік;
  • - басқа техника - 9,0 млрд.теңге сомасына 362 бірлік.

Мал шаруашылығы

 2026 жылғы қаңтар-мамыр айында облыста өндірілді:

 - тірі салмақтағы ет - 89,5 мың тонна немесе 101,4% 2025 жылғы деңгейге қарай;

 - сүт - 98,6 мың тонна немесе 113,3%;

 - тауық жұмыртқасы - 294,5 млн. дана немесе 107%.

 

  • 2026 жылғы 1 маусымға мал басы саны:
  • Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 474,4 мың басты құрап, 2025 жылғы деңгейдің 104,2%-ын құрайды, оның ішінде:
  • - сиыр басы - 206,2 мың бас немесе 108,3%;

  - жылқылар - 305,4 мың бас немесе 104,4%;

- қой мен ешкі - 736,8 мың басты, бұл өткен жылғы деңгейде;

  • - құстар - 10 032,6 мың басты немесе 104,1%;
  • - шошқа - 56,7 мың басты немесе 105,4%.
  •  

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;

- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

  • 2026 жылғы қаңтар- мамыр айында 141,3 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2025 жылғы сәйкес кезеңге - 117,9%.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 45,8%, сүт - 13,3%, өсімдік майы - 18,4%, астық өңдеу - 8%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 1,9%, өзге салалар - 12,6% алады.

  • Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 44,6 мың тонна ет өндірді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 1244 тонна.

Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 59,9 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 6,5% өсім, сары май өндірісі  1111 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 24,9% өсім,  ірімшік пен сүзбе - 704 тонна, қышқыл сүт өнімдері - 4,7 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 17,7% өсім.

  • Өсімдік майы өндірісі 39,6 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 13,1% өсім.
  • Ұнтақталған ұн өндірісі 124,8 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 53,2% өсім.

 

Дата публикации
25 июня 2026