2026 жылғы қаңтар- сәуір айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2026 жылғы қаңтар - сәуір айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 135 275,2 млн. теңгені (НКИ - 102,3%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 1 027,4 млн. теңге (НКИ - 95,1%), мал шаруашылығы - 134 230,2 млн. теңге (НКИ - 102,3%).

 

2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 26,0 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 197,6% болды.

 

2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,4 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінің 90,1% болды.

 

Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

 

Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,3%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 400,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 85,3 мың адам (2026 жылдың 1-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша).

 

Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:

- 2026 жылдың І тоқсанында - 334 мың теңге, өсім 23,9% құрады (2025 жылдың І тоқсанында - 269,6 мың теңге).

 

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау

АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2026 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 85,5 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 30,2 млрд. теңге (пестицидтер - 20 629,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 6 000,0 млн. теңге, тұқымдар - 2 288,1 млн. теңге, басым дақылдар - 1 300,0 млн. теңге);

-мал шаруашылығын субсидиялауға - 14,0 млрд. теңге;

-қаржы құралдары - 39,6 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16 126,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 23 433,5 млн. теңге. су үнемдеу технологиялары - 22,0 млн. теңге );

-терең өңдеуді субсидиялауға – 1,7 млрд. теңге.

 

Өсімдік шаруашылығы

 Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының жазғы егісін 5,6 млн. га алқапта жүргізуді жоспарлап отыр (+76,8 мың га), оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар - 4,6 млн. га (-47,3 мың га), майлы дақылдар - 585,2 мың га (+89,8 мың га), мал азығы дақылдары - 370,7 мың га (+34,1 мың га), соның ішінде мал азығының жаздық себуі - 170,3 мың га (+3,7 мың га)

Картоп отырғызу 8,7 мың га алқапта (-3,3 га), ал көкөністерді отырғызу - 1,5 мың га алқапта (+177,7 га) жүргізілетін болады.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығы техникасының 559 бірлігі 30,7 млрд. теңгеге сатып алынды (2025 жылдың қаңтар-сәуірінде - 379 бірлік, 11,7 млрд. теңге).

Мал шаруашылығы

 2026 жылғы қаңтар-сәуір айында облыста өндірілді:

 - тірі салмақтағы ет - 71,6 мың тонна немесе 99,9% 2025 жылғы деңгейге қарай;

 - сүт - 72 мың тонна немесе 115,9%;

 - тауық жұмыртқасы - 228,3 млн. дана немесе 107,2%

 

2026 жылғы 1 мамырға мал басы саны:

Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 467,8 мың басты құрап, 2025 жылғы деңгейдің 104%-ын құрайды, оның ішінде:

- сиыр басы - 205,2 мың бас немесе 109,1%;

  - жылқылар - 288,2 мың бас немесе 103,9%;

- қой мен ешкі - 692,2 мың басты немесе 97,5%;

- құстар - 9 807,4 мың басты немесе 101,6%;

- шошқа - 51,7 мың басты немесе 102,1%.

 

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 30 ұн тарту;

- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2026 жылғы қаңтар- сәуір айында 112,7 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді (2025 жылғы сәйкес кезеңге - 118,1%).

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 46,8%, сүт - 13,5%, өсімдік майы - 18,2%, астық өңдеу - 8,1%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 1,8%, өзге салалар - 11,6% алады.

Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 36,4 мың тонна ет өндірді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 1021 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% өсім.

Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 46,9 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 5,4% өсім, сары май өндірісі  861 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 25,8% өсім,  ірімшік пен сүзбе - 540 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 8,7% өсім, қышқыл сүт өнімдері - 3,6 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 14,8% өсім.

Өсімдік майы өндірісі 31,1 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 9% өсім.

Ұнтақталған ұн өндірісі 98,2 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 48,7% өсім.

 

Дата публикации
22 мая 2026