
1986 жылы туған. Білімі жоғары. 2009 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің ветеринар дәрігері болып бастаған.
2010-2012 жылдары – «Зеренді ауданы Қызылегіс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2012-2013 жылдары – «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы – мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;
2013-2018 жылдары – «Зеренді ауданы Қанай би ауылдық округі» мемлекеттік мекемесінің әкімі;
2018-2019 жылдары – «Бұланды ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2020 жыл – «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Степногорск қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы;
2020-2023 жылдары – «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
2023 жылдан 2024 жылдың маусымына дейін – Ақмола облыстық Ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және орны ауыстырылатын объектілер бөлімінің басшысы;
02.07.2024 ж. - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.