Ақмола облысының аумағында жолаушыларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 101 тұрақты маршрутта жүзеге асырылады, оның iшiнде 51 — қалаiшiлiк, 3 - ауылдық, 7 — қала маңы, 10 – облысiшiлiк қалааралық, 22 – ауданiшiлiк, 7 — облысаралық және 1 — халықаралық маршруттар.
Қалалық автобус маршруттарының қоғамдық көлiгiнде жүру құны 60-тан 130 теңгеге дейiн соманы құрайды, (60 теңге – Степногорск қ., 80 теңге - Ақкөл қ., Дкржавинск қ., 80-150 теңге - Көкшетау қ, 90 теңге Ерейментау қ., 100 теңге Макинск қ., Зеренді а., 110 теңге - Атбасар қ., Щучинск қ., 120 теңге - Есіл, 130 теңге - Балқашино а.) тұрақты облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) автобус маршруттарында 1 жолаушы/км 9,4-тен 16 теңгенi құрайды.
Ақмола облыстық мәслихатының (2019 жылғы 10 сәуірдегі №6С-31-7) шешімімен субсидиялауға жататын 88 бағыт анықталды. Бұл шара облыстың елді мекендерінің тұрғындарын қоғамдық көлікте әлеуметтік тарифті сақтау түрінде, ал тасымалдаушыларды шығындарды ішінара субсидиялау түрінде қолдауға бағытталған.
2 автовокзал (Көкшетау қ., Щучинск қ.), 4 жолаушыларға қызмет көрсету пунктi (Ақкөл қ., Степногорск қ., Степняк қ., Есiл қ.) жұмыс iстейдi.
Тасымалдаушылардың тұрақты автобус маршруттарына тартылған жылжымалы құрамды жаңартуды ынталандыру мақсатында, шарт талаптарында тасымалдаушы автобустар мен шағын автобустарды уақтылы жаңартқан жағдайда шартты 10 жылға ұзарту көзделген.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының тұрақты маршруттарына тартылған жылжымалы құрам 264 бірлік (автобустар мен шағын автобустар) құрайды, оның ішінде пайдалану мерзімі 7 жылдан асатын - 102 бірлік немесе 38,6 %.
Қоғамдық көлік үшін жылжымалы құрамды одан әрі жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Автобустарды лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында Степногорск қаласы үшін тағы 14 бірлік автобус сатып алу жоспарлануда. Степногорск қаласының тасымалдаушыларымен, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қызметкерлерімен және автоөндірушілермен келіссөздер жүргізілді. Мәселе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-да құжаттарға сараптама жүргізу сатысында тұр. Оң нәтижелер болған жағдайда, автобустарды жаңарту жөніндегі жобалар 2023 жылдың 2 жартыжылдығында іске асырылатын болады.
Пандемия кезінде жолаушылар көлігі саласы айтарлықтай зардап шекті және оны қалпына келтіру үшін бір жылдан астам уақыт, сондай-ақ мемлекеттен қаржылық қолдау қажет болады. Қазіргі уақытта 130 тұрақты қалааралық маршруттардың 20-сы жаңартылды.
Тұрақты автобус қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы "Көкшетау – Атбасар – Жақсы – Есіл – Державинск" және "Көкшетау – Атбасар – Есіл", 2022 жылы "Степняк – Астана", "Астана – Державинск"бағыттары бойынша автобустардың қозғалысы қайта жанданды.
2022 жылы 100-ден астам автобус қатынасына қызмет көрсету құқығына 3 конкурс өткізілді, алайда осы тұрақты маршруттарға қызмет көрсетуге ниет білдірген үміткерлерден өтініштер түскен жоқ. Ағымдағы жылы 3 конкурс өткізу жоспарланған.
Автобус маршруттарын тезірек жаңарту мақсатында, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы конкурстық негізде тасымалдаушыны анықтағанға дейін конкурстық рәсімдерсіз уақытша шарт жасасуға дайын. Сонымен қатар, тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мәселелері шешілуде.
2023 жылдың 1 тоқсанында облыс көлігімен 6 961,7 мың адам тасымалданды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,2%).
Жолаушылар айналымы 299,8 млн. жкм құрады. (Өткен жылдың сәйкес кезеңіне 93%).
Басқармамен 4 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi («Өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру», «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығына ие болу үшiн лицензия беру», «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру», «Ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау».
2023 жылдың 1 тоқсанында басқармамен 0 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.