"Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ бойынша анықтама

Көлік

 

Ағымдағыжылдың 3 айыныңқорытындысыбойыншажоспарбойынша119% көліктің НКИ 112,4%(немесежалпышығарылымбойынша 2024 ж.55,5 млрд. теңгеге 2025 ж. 67 млрд. теңге (жылдықжоспар – 122,6%)құрады.

Автомобиль көлігі.

2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында жүк тасымалдау көлемі облыста (көліктік емес ұйымдар мен коммерциялық тасымалдармен айналысатын кәсіпкерлердің жүктерді тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып)16185,87 мың тоннаны (2024 жылғы деңгейге 136,5%)құрады.

Көліктің жүк айналымы 302,29 млн. ткм (2024 жылғы деңгейге 155,8%)құрады.

2025 жылғы қаңтар-наурызда облыс көлігімен 7500,97мың адам тасымалданды (2024 жылғы деңгейге 114,9%).

Жолаушылар айналымы 85,3 млн.пкм (2024 жылғы деңгейге 128,9%)құрады.

Теміржол көлігі.

2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында жүк тасымалдау көлемітемір жол көлігінде 7050,89 мың тонна жүк (2024 жылғы деңгейге 98,5%)құрады. 

Жүк айналымы 5964,24 млн.ткм құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңіне 100,3%құрайды.

Облыстың темір жол көлігімен 224,17 мың жолаушы тасымалданды (2024 жылғы деңгейге 82,2%).

Жолаушылар айналымы 66,5 млн.пкм (2024 жылғы деңгейге 82,2%)құрады.

Әуе көлігі.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ филиалы – «Көкшетау әуежайы» 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 3661 жолаушы жөнелтілді, бұл 2024 жылдан 24%-ға аз.

Ұшақтардың саны 161 бірлікті құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас деңгейден 52%-ға артық.

Әуежай 32,2 тонна жүк, багажды өңдеді және пошта, бұл 2024 жылдың ұқсас деңгейінен 9,1 тоннаға аз.

 

Дата публикации
18 апреля 2025