"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметі

Қазіргі уақытта Басқарма (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)«Ауданаралық (қалааралықоблысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) жәнеқаламаңындағықатынастардаәлеуметтікмаңызы бар қатынастарбойыншаавтомобильдікжолаушылартасымалынжүзегеасыруменбайланыстытасымалдаушылардыңзалалдарынсубсидиялау»мемлекеттікқызметін (бұданәрі-Мемлекеттіккөрсетілетінқызмет стандарты) көрсетеді. www.egov.kz, www.elincense.kz (бұданәрі-Портал) арқылыжүзегеасырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша іс жүзінде тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат;

2) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, орындалған жұмыс туралы ақпарат;

3) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес билеттерді сату жөніндегі ақпарат;

4) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы қаражаты туралы ақпарат;

5) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын автовокзалдардың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің) диспетчерлік қызметінің құжаты;

6) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалған маршрут бойынша құны тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршрут (км) бойынша автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісін негізгі ала отырып, елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын құжат;

7) диспетчерлік қызметтің қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты.

Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмеде немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасында ұсынылады.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 октября 2024