«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Әдеп жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы бойынша есебіне түсіндірме

«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Әдеп жөніндегі уәкілдің

2023 жылғы бойынша есебіне түсіндірме

 

«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі-Басқарма) Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылдың             өткізген іс-шаралары:

  1. 1 мемлекеттік қызметшіге консультативтік көмек көрсетілді.
  2. Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауына өтініштер келіп түскен жоқ.
  3. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер келіп түскен жоқ.
  4. Мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарын ішінара мониторингілеу кезінде оң және теріс материалдар анықталған жоқ.
  5. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеді және осы себеппен тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
  6. Жаңадан қабылданған қызметкермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша жаңадан қабылданған қызметкермен семинар-кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы Ақмола облысының мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының жұмысын талдау жөніндегі ұсынымдары қаралды.

Жаңадан қабылданған қызметкермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативтік өткізілді.

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

  1. Әдеп жөніндегі уәкілдің өңірлерге шығуы жүзеге асырылған жоқ.
  2. Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша қызметкерлер көтермеленбеді.
  3. 15 мемлекеттік қызметші 1 тоқсанда және екінші квартолда 12 ұжымда қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингілеу бойынша анонимді сауалнамаға қатысты.

Нәтижелерді талдау басқарудағы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты және ыңғайлы деп санауға негіз береді, қызметкерлердің пікірі ескеріледі, тікелей басшының этикасына қанағаттанбау анықталған жоқ.

  1. Басқармада туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындауы туралы тікелей басшыларды немесе басшыларды жазбаша хабардар ету жағдайлары болған жоқ.

 

              

Басқарма басшысының

орынбасары                                                                                        А. Рублевский

 

 

Дата публикации
04 января 2024