| |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
|
|
2.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
портал арқылы.
|
|
3.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
5 (бес) жұмыс күні ішінде.
|
|
4.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған).
|
|
5.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
|
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін.
|
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
|
|
8.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1) өтініш; 2) әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп; 3) орындалған жұмыс туралы ақпарат; 4) билеттерді сату жөніндегі есеп; 5) жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп; 6) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп; 7) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар; 8) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен алынған құжат; 9) диспетчерлік қызметтің қалалық маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты. Осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмеде ұсынылады.
|
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы.
|
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
|