Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ А-1/584 қаулысымен
бекiтiлдi
«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже
1) жолаушылар көлiгi мен облыстық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдары және байланыс саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету;
2) автомобиль жолдары, жолаушылар көлiгi және байланыс саласындағы мониторингi мен заңнамалық актiлерi және басқада нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуына талдауды қамтамасыз ету.
1) тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) жолаушыларды және жүктi тасымалды ұйымдастыру, оған қызмет көрсету құқығына конкурс өткiзу;
2) жолаушыларды және жүктi тұрақты ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобиль тасымалдарының қозғалыс кестелерi мен бағыттарын бекiту;
3) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерi қызметiнiң басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
4) жолаушыларды және жүктi тұрақты ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобиль тасымалдары бағыттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
5) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендiк сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
6) әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысiшiлiк) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру барысында тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
7) рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
8) халықаралық және республикаiшiлiк қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргiзу;
9) шағын көлемдi кемелердi жүргiзушiлердi дайындау бойынша қызметтi жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалар тiзiлiмiн жүргiзу;
10) ауа көлiгiмен жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жағынан уәкiлеттi органмен өзара әрекет ету;
11) Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссиясы жұмыс органының функцияларын орындау;
12) ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) қатынастарда және қаламаңы темiр жолында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiндегi шешiмдер, ондай шешiмдi тасымалдаушы қабылдаған жағдайларды қоспағанда, қабылдауды дайындау;
13) қызмет көрсету өңiрiнiң шегiнде механикалық көлiк құралдары мен оның тiркеуiштерiн мiндеттi техникалық тексеруден өткiзу кестесiн келiсу;
14) жолаушыларды және жүктi тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобильмен тасымалдауын ұйымдастыру шарттарын жасасу;
15) жолаушыларды мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобильмен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына куәлiк беру, сондай-ақ белгiленген тәртiпте тұрақты жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыру құқығының әрекетiн тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарын (куәлiктердi) керi қайтару;
16) мемлекеттiк қызмет көрсету;
17) қалааралық, облысаралық ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау, бойынша қызметпен айналасу, сондай-ақ халықаралық қатынастарда шағын автобустармен, автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау үшiн лицензия берiлгенге дейiн рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру;
18) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
19) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желiсiн басқару;
20) аудандық маңызы бар автомобиль жолдары тiзбесiн келiсу;
21) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзгенде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
22) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртiбi мен шарттарын бекiту;
23) елдi мекендердiң көшелерiн күтiп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар түрлерiнiң сыныптамасын бекiту;
24) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келiсу;
25) Ақмола облысының байланыс саласындағы аумақтарды дамыту, әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын әзiрлеу, iске асыру, талдау, бағалау және болжау;
26) байланыс саласындағы қызметтi дамыту және тиiмдi басқару жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру (телефон, ұялы байланыс және интернет);
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
1) облыстағы әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарларын әзiрлеуге және келiсуге, соның iшiнде көлiктегi жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мен жол және байланыс саласын дамытуға қатысу;
2) өз құзыретiнiң аясында нормалар және стандарттар талаптарын сақтауда, кәсiпорындармен жүзеге асырылатын жолаушылар тасымалдары және байланыс мәселелерi және жол саласын ұйымдастыру бойынша келiсiмдердiң және шарттардың орындалуына бақылау жүргiзу;
3) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мәселелерiнде жергiлiктi атқарушы органдармен өзара әрекет ету, көлiктiк және жол кешенiн, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтiп ұстауды, байланысты басқару, жергiлiктi маңызы бар жолдардың жағдайын бақылау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басқару функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi, меншiк нысанынан тәуелсiз, көлiктiк, жол кәсiпорындарынан және байланыс саласы ұйымынан қажет болған жағдайда ақпарат сұратып алу.
«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бөлiмдерi басшыларының және өзiнiң орынбасарларының мiндеттерiн мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн лауазымда тағайындайды және лауазымнан босатады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiпте «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн ынталандыру, материалдық көмек көрсету, мемлекеттiк мекеменiң лауазымдық тұлғаларын тәртiптiк жазалау мәселелерiн шешедi;
«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы, штат санының лимитi шегiнде штат кестесiн, басқарма қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сәйкес «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн барлық мемлекеттiк органдарда және басқа мекемелерде ұсынады;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шара қабылдайды және ол үшiн жеке жауап бередi;
«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң атынан сенiмхатсыз әрекет етедi және оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарда және басқа да мекемелерде ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте басқа да құзырындағы мiндеттерiн атқарады.
Басқарманың басшысы болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының мiндетiн оны алмастыратын тұлға атқарады.
Басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен, сондай-ақ (ақшалай кiрiстер көздерiн қоса) өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiктен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.