«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2021 жылдың және 2022 жылдың 4 айының қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша аналитикалық анықтымы

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес,  «Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.», сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) басшысының 20.04.2022 ж. №21 н/қ бұйрығы негізінде жұмыс тобымен 2022 жылғы 3-25 мамыр аралығында 2021 жылдың қорытындылары бойынша және 2022 жылғы сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) объектінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Дата публикации
25 мая 2022